Елбасы жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салықты 10 есеге азайтуды ұсынды

2.jpg


ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана алуды ұсынамын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айта кетерлігі, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысты.



Ұқсас тақырыптар