1 шілдеден бастап ЕАЭО елдеріне ортақ автоқұжат енгізіледі

5.jpg


Қазақстандағы  АвтоБизнес ассоциациясы (ҚАБА) 1 шілдеден бастап ел аумағына электронды автоқұжат енгізу жұмыстарын бастайды, деп хабарлады, «ҚазАқпарат».

Өздерінің Facebook парақшасына ҚАБА былай деп жазады: Электронды автоқұжатқа автомобиль «өмірінің» барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі басқа да шектеулерге қатысы бар екені жазылады.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді»,-деп жазылған хабарламада. Енді қолдан көлік сатып алғалы тұрған кез келген адамы арнайы порталға кіріп автомобильдің тарихымен оңай таныса алады.

Электронды автоқұжат жүйесіне өту кезең-кезеңімен іске асырылады. Құжат барлық ЕАЭО елдерінде бірдей болады.

 



Ұқсас тақырыптар