Алматыда қатты жаңбыр жауады. Мамандар ескерту жасады

2.jpg


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 16 наурызда Алматы облысы мен Алматыда қатты жауын-шашын болатынын айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Осыған байланысты ведомство өкілдері ескерту жасайды.

 "Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері "Қазгидромет" мамандарының 2018 жылдың 13 наурызында жариялаған ескертуі негізінде 16 наурызда Алматы облысы мен Алматы қаласында қатты жауын-шашын жауып, мұздардың еру қаупі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін және таулы аймақтарда су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін синоптиктер алдағы күндері жауын-шашын жауып, күн суытатынын айтқан еді.



Ұқсас тақырыптар