Сарыағашта 7 жасар баланы "зорлады" деп айыпталған бала мен мектеп директорының тегі бір боп шықты

ОҚО, Абай ауылында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар бала Астанаға жеткізілді. Желі белсенділері бірінші сынып оқушысының ісіне қатысты айыпталушылар туралы сәкестіктерді анықтады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қоғамның талқысына түскен бұл оқиғаға қатысы бар отбасының байланысы туралы ақпараттар пайда болады.

Желі белсенділері бірінші сынып оқушысын зорлады деген баланың тегі мектеп директорының тегімен сәйкес, Селтановтар екенін анықтады. Сонымен қоса, аудандық мәслихан депутаты, жәбір көрдім деген балаға алғаш тексеріс жүргізген дәрігер-уролог және ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы да Селтановтар болып шықты.

Ашық деректер қоры да бұл мәліметті растады. Яғни бірінші сынып оқушысы оқитын нөмірі 74 мектеп директоры Бейбігүл Селтанова, ОҚО ІІД криминалды полиция бастығы Бауыржан Селтанов және Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Сапарғали Селтанов та бір мекен-жайда тіркелгені белгілі болды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы Абай ауылында орын алған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға ескерту мен сөгіс берген еді.



Ұқсас тақырыптар