Telegram қолданушылары Федералды қауіпсіздік қызметін сотқа берді

4.jpg


35 ресейлік қолданушы пайдаланушының хабарламаларын шифрлеудің кілттерін беруді талап еткені үшін Федералды қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) әрекеттерін заңсыз деп тануды өтініп, Мәскеудің Мещанскидегі сотында арыз түсірген. Бұл туралы 7kun.kz порталы ТАСС сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ұжымдық арыз Telegram мессенджерін қолданатын 35 пайдаланушы атынан жазылды.

«Біз сотқа Telegram Messenger Limited Liability Partnership компаниясынан ақпараттарды талап еткені үшін ФҚҚ-нің әрекеттерін заңсыз деп танығанын өтінеміз. Сондай-ақ, агенттікті осы талапты қайтарып алуға міндеттейміз», – дейді олар.

Арызда ФҚҚ әрекеттері тұтастай алғанда байланыс қауіпсіздігіне қатер төндіреді және қызметтің барлық пайдаланушыларының құпия ақпаратына шексіз қол жеткізудің нақты қауіпін тудырады.

«Роскомсвобода» ұйымының адвокаты Саркис Дарбинян ФҚҚ талапкерлердің жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Конституциясында көзделген хат алмасу, телефонмен сөйлесу, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы құқықтарын бұзады деп санайды.

20 наурызда Ресей Федерациясының Жоғарғы сотында Федералдық қауіпсіздік қызметін, заңсыз бұйрығы үшін айыпты деп тану бойынша, Telegram Messenger LLP-нің арызы қаралады.



Ұқсас тақырыптар