ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

2.jpg


Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық «Ашық аспан» әуе шарларының фестивалі өтті. «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесі аясында ұйымдастырылған шараға елімізден бөлек Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның спортшылары қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.


3.jpg


 Онда фестиваль қатысушылары әуе шарларын көкте қалықтатып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі спортшылар әуе шарларын басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді.

 Жиын барысында қалықтаған 15 аэростатпен көкке көтерілу бақыты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына да бұйырды. Фестиваль еліміздің эстрада жұлдызы Ғалымжан Молданазардың концертік бағдарламасына ұласты.

4.jpg




Ұқсас тақырыптар