Халықаралық жанжал: туристер немістердің тыр-жалаңаш жүруіне тыйым салды

6.jpg


Берлин сауналарын мұндай шешімге келтірген әлеуметтік желілерде Германия тұрғындарының әдет-ғұрыптарын егжей-тегжейлі суреттеген америкалықтар, ағылшын және итальяндықтардың пікірлері көрінеді, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Facebook парақшасындағы берлиндік бір орталықтың хабарландыруы бүкіл қаланы дүр сілкіндірген.  

Онда былай деп жазылған: «Біздің қонақтардың өтініштерін ескере отырып, 1 наурыздан бастап сауна мен бассейндерден тыс жерде халат киіп жүрулеріңізді өтінеміз». Яғни, сауна мен бассейннен тыс жерде енді тыр-жалаңаш жүруге болмайды. 

Бұл хабарлама жанжал туғызды.  Адамдар Германия тұрғындарының еркіндігін америкалық, ағылшындар мен италиялықтардың әлеуметтік желіде жазғандарына бола шектемекші деп шешті.    

Бұл ақпар Бундестагқа жетіп, олар да бұл жаңалыққа кейіді. Солшылдар партиясының депутаты Грегор Гизи туристерге ұнамаса да, ұнамаса да, олар қала тұрғындарының мәдениетін шектеуге құқығы жоқ деп мәлімдеді.  

Мәселе мында: бұл елде азаматтар бейтаныс адамдардың қасында жалаңаш жүруге құқысы бар екен - өзен жағасында,  қала ортасындағы саябақта, саунада, спа-орталықта және фитнес-клубта.  

Спа-орталықтың директоры Корнелиус Римнің айтуынша, спа ашылғаннан бері оның қонақтарын бассейн мен саунадан шыққасын халат киіп жүруді жиі өтінген екен. Енді ол өтінішті жалпы ереженің бір бөлігіне кіргізді.  Бірақ ол ортақ тұжырымдаманы бұзбайды дейді. Директор ашық аспан астында күн сәулесін жалаңаш қабылдауға болады деп мәлімдеді.



Ұқсас тақырыптар