Алматыда кондукторлардың қызметіне қатысты үлкен дау шықты

9.jpg


Алматыда мәслихат депутаттары заңсыз жүрген кондукторларға тосқауыл қою керек деп отыр. Олар кондукторларды еңбек келісім-шартына отырғызу үшін автопарктерге бір ай уақыт берді. Алайда, тасымалдаушылар ат тонын ала қашып, бұл міндетті Алматы көлік холдингіне сілтеумен әлек. Қалада электронды жүйе енгізілгеннен бастап жолаушылардың жол ақысын қадағалау жүргізушілерге міндеттелген еді.

Алматы мәслихат депутаттары қоғамдық көліктегі кондукторларды заңмен қудалаймыз деп отыр. Себебі, еңбек-келісімшарты жоқ кондукторлар жүгенсіз кеткен. Мәдениетсіздігі бір бөлек, ақша жасаудың түрлі жолына барады екен. Алайда, «Оңай» жүйесі іске қосылғанымен қоғамдық көліктерде жұмыс істейтін кондуктор атаулы әлі қаптап жүр. Көбісі, жүргізушілердің туған-туыстары. Жол үстінде автобус тізгіндегендер 80 теңгесін қимайтын сараң азаматтарды бақылау үшін жақындарының көмегіне жүгінеді екен.

Нұрбол ТӨЛЕПБЕРГЕН жүргізуші:

-Кондукторсыз өте қиын. Кейбір кездері үлгермей кетеміз. Жолға қараймыз ба, ақша төлемегендерді бақылаймыз ба?Не істерімізді білмей кетеміз. Амалсыздан туыстарымызды шақырамыз.

Арыстан СӘДУАҚАСОВ кондуктор:

 -Еріккеннен жүрген жоқпыз.Жұмыс жоқ. Сосын жүргізушілерге қол ұшын созып жүрміз. Ресми түрде штатқа жұмысқа алса екен.

 Депуттар кондукторларды еңбек келісім-шартына отырғызуды автопарктерге жүктеді. Дегенмен, тасымалдаушылар бұл міндетті Алматы көлік холдингіне сілтеумен әлек. Айтуларынша, щаһардағы 3000-ға жуық кондукторды жұмысқа алатын қауқарлары да қаражаттары да жоқ екен.

 Бауыржан КУЛИШЕВ «Green Bus» ЖШС директоры:

 -Кондукторлар болмаса біз шығынға бататын едік. Себебі, қалада жол жүру ақысын төлмейтіндер екі есе артты. Кондукторларды заңды түрде тіркеу жұмысын Алматы Көлік холдингі қолға алуы тиіс. Себебі, біз оларға салық төлейміз. Біздің мүмкіндігіміз жоқ.

Алматы Көлік холдингі болса кондукторлардың бүгінгі таңда керегі шамалы деп отыр. Олардың орнын «Оңай» жүйесі басыпты-мыс. Нәтижесінде мемлекетке тұсер пайда артқан. Керісінше, тасымалдаушылар қалтасына басып келген қаржыларын «Оңайдың» жырып әкететініне көнгісі келмейді екен.

Садир ХАМРАЕВ «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС директоры аударма:

-2016 жылы қазан айында жалпы транспорт саласы бойынша пайда 700 миллион болды. Ал, 2017 жылы қазан айында жаңа тарифті енгізгеннен кейін мемлекетке бюджетіне 1 миллиард 600 миллион көлемінде қаражат түсті. Енді салыстырыңыз. Кондукторлар жоқ уақытта қаражаттың артқанын бірден байқауға болады. Себебі, олар ақша жасауға әбден машықтанған.

 -Осыған дейін экс-министр Тамара Дүйсенова Алматы қаласындағы жүгенсіз кеткен кондукторларды жеке өзі қадағалайтынын айтқан еді. Алайда, бұл іс аяқсыз қалды. Автопарк өкілдері болса кондукторсыз күніміз қараң дейді. Ал, заңды жұмысшы ретінде тіркеуге асығар емес.



Ұқсас тақырыптар