Есимсеитова Алмагуль: Жүлделі 1-орын

Жаңартылған білім мазмұны-бәсекеге қабілетті болашақты тәрбиелеу негізі  

Жүлделі 1-орын

"Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз»

(Н.Ә. Назарбаев ) 

Алаш қайраткері, ақын Міржақып Дулатов:  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» ,- деген екен. Сол себепті Елбасы әр жылы халыққа арналған Жолдауларында білімге ерекше көңіл бөлетіні бекер емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біз¬дің қанымызда бар қасиет. Біз жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабі¬летті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. Осыны бек түсін-гендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жө¬нінен әлемдегі ең ал¬дың¬ғы қатарлы елдердің санатына қо¬сы¬лып отырмыз», – деп, озық бі¬лім мен ғылымды игерген елдің келешегі зор болатынына баса назар аударады. Сондықтан  жаһандық бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында еліміздің білім беру саласын реформалап жатқаны бекер емес.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп айтқан Елбасымыз өз мақаласында. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылым мен технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсына алады. Сондықтан бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде жаңартылған білім мазмұнының орны ерекше. Мәселен, мектептер дәстүрлі оқулықтармен қатар, сандық оқыту ресурстармен қамтамасыз етудің арқасында бейнематериал  мен интерактивті сабақтарға қол жеткізді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың тағы бір жолы - мектептерді ғаламтормен қатар, экран, проектор,  компьютер, процесcор сияқты техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету. Бұл  мультимедиялық жабдықтар мұғалім жұмысын біршама жеңілдетіп, білім беру сапасын арттырып отыр. Шалғай ауылдарға дейін ғаламтор желісінің тартылуы- қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты жойып, мультимедиялық жабдықтармен еркін жұмыс жасауына, желілік қауымдастық құрып,  мектептердің бірлесіп жұмыс жасауына, тәжірибе алмасуына, онлайн сабақ, конференция, вебинар, семинарлар өткізуге  мүмкіндік туғызып отыр. Бір жағы мұғалімдер қауымын қағазбастылықтан құтқарып, электронды журнал пайдалануға мүмкіндік берді. Ата- ана, оқушы, мұғалім арасындағы байланысты нығайтуға да септігі тиді. Bilimland.kz білім беру тұғырнамасы әр ұстаздың ажырамас сабақ беру құралына айналды. Осы орайда үш тілділікті жүзеге асыруда  интерактивті сабақтардың мүмкіншілігі мол және ол жаңартылған білім мазмұныны негізінде Елбасының үш тілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында қазақ , орыс, ағылшын тілі сабақтарында  4 дағды (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым) негізінде оқушының сөйлеу әрекетін жетілдіруге бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі жеңілден күрделіге қарай «спиральді» тәсілмен білім беруге негізделген, бағалаудың жаңа түрі- критериалды бағалау арқылы оқу жетістігіне қол жеткізу. Елбасы өз мақаласында XXI  ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты  негізгі бағытын атап көрсеткен: латын əліпбиіне біртіндеп көшу, "Жаңа гуманитарлық білім", "Туған жер" бағдарламасы, "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы, жаһандық əлемдегі заманауи қазақстандық мəдениет жəне еліміздің 100 жаңа тұлғасы.Соның ішінде  латын алфавитіне көшу- кезек күттірмейтін мәселе. Біздің еліміз әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына қосылу үшін қазақ тілін біртіндеп латын алфавитіне көшіруді қолға алмақшы. Латын қарпіне көшу туралы  Н.Ә.Назарбаев: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ  ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процестерінің ерекшеліктеріне байланысты»,-  деп атап көрсетті. Сондықтан 2020 жылдан бастап білім беру ордалары латын алфавитімен оқытуды қолға алмақшы. 2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда өткізу үшін жылына 5 сағат бөлінді. Ол деген "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы"  жобасы бойынша тарихи орындарды тануға жол ашады деген сөз. Мәселен, біздің жергілікті жеріміз- Торғай өңірінде күні кеше, яғни 2017 жылдың 15 қыркүйегінде көтерілген 1916 жылғы Торғайда болған ұлт- азаттық көтеріліске қатысқан Кейкі батырға арналған кесене Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендерінің тізіміне еніп отыр. Ал өзіміздің Ашутасты ауылының іргесінен табылған сақ мәдениетіне жататын тарихи орынмен болашақта мектеп оқушылары кеңінен танысады деген ойдамын. Мұндай киелі жерлер елімізде өте көп және олар оқушылардың тарихымызға деген қызығушылығын арттырып, туған елге, жерге патриоттық сезімін қалыптастыруға негіз болмақ.

Білім әлемдік болса да, тәрбие ұлттық болуы керек. «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» , -деп жазды өз мақаласында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев. Ұлттық кодты сақтау дегеніміз – ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыс біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылық¬та¬ры¬мыздан бастау алады десек, сол құнды¬лықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру.  Ол дегеніміз- жаңа технологиялар жасалынса да, жаңалықтар ашылса да, рухани құндылықтар  өзгеріссіз қалады деген сөз. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің отыздығына табыс¬ты кіруі үшін қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас¬тысы, мем¬лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру¬хы¬мызды жаңғырту керек. «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» ,- деп әл- Фараби айтқандай,  тәрбие көзі- халықтық педагогика. Себебі Елбасымыз айтқандай, «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды».

«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болғандықтан, Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзімен айтқанда: «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек». Сол себепті ақыл-ойы дамыған,  дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу үшін  әр мұғалімнің қолында осы кілттің болуы міндетті, ол үшін әр ұстаз заман легіне қарай өз білімін жетілдіріп, білім берудің әдіс- тәсілдерін жетік меңгеруі керек. Себебі ұлт болашағына білім беру мен  тәрбиелеудің бағыт- бағдары айқын және оны жүзеге асыруда мемлекетіміз барлық жағдайды жасап отыр.

алмаг.jpg

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна, 

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы орта білім беретін 

А.С.Макаренко  атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылы.



Ұқсас тақырыптар