«Рухани жаңғыру: жаңартылған білімнің маңыздылығы» республикалық эссе байқауы

Құрметті ұстаздар! Республикалық «АЛАШ ҰСТАЗЫ» журналы мен «MEZGIL.KZ» ақпарат агенттігі бірлесе отырып ұстаздар арасында 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» республикалық эссе байқауын өткізетінін хабарлаймыз.

111222.jpg

1. Жалпы ережелер

Байқаудың мақсат-міндеттері:

– кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;

– білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды  анықтау;

– мұғалімдердің үздік эсселерін кеңінен насихаттау;

– қоғамдағы ұстаздардың мәртебесін көтеру. 

2. Байқауға қатысушылар: Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, орта және кәсіби білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері.

3. Байқау критерилері:

1. «Рухани жаңғыру: Жаңартылған білімнің маңыздылығы» тақырыбында (қазіргі білім және тәрбие мәселелері, маңыздылығы, қажеттілігі, ерекшелігі, ескеретін тұстары) эссе жазуы керек. 

2. Жұмысты жібергенде міндетті түрде «Байқауға» деп көрсету қажет.

4. Байқауды өткізу  тәртібі:

1. Байқауға жіберілетін ұсыныстар 2018 жылдың 10 ақпанынан бастап 2 сәуірге дейін қабылданады.

2. Байқауға қатысатын материалдар Mezgil.kz интернет порталында жарияланып отырады.

3. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың 10 сәуірінде шығарылады.

4. Ұйымдастырушы байқауға келіп түскен материалдарды жинақтап комиссияға ұсынады. Редакция алқасынан және педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттарынан құралған комиссия мүшелері байқау қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.

5. Жеңімпаздар ҚР Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін берілетін «Алаш ұстазы» медалімен (Бас жүлде, 1, 2, 3 орындар), дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

6. Байқауда жеңімпаз деп танылған материалдар «Алаш ұстазы» журналында жарыққа шығады. Жүлдеге ілікпеген авторлардың барлығына Алғыс хаттар, Сертификаттар беріледі. 

7. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. 

5. Байқауға жұмыстарды ұсыну тәртібі

1. Байқауға қатысушы шығармасын 3 тілдің (қазақ, орыс, ағылшын) бірінде жазуға құқылы. 

2. Эссе 14 кегльде (шрифтте) 1-3 беттен аспауы тиіс. Эссенің төменгі бөлігіне аты-жөні, фотосы, қызметі, еңбек өтілі, жетістіктері, телефон нөмірі, электронды почтасы жазылуы тиіс. 

3. Байқау жарнасы – 2000 теңге. 

4. Ақша аудару үшін карточка нөмері (Казкоммерцбанк): 4003 0327 5069 5118. 

ИИН: 841107302095

Эссені alashustazy@mail.ru электронды почтасына жолдау керек.

Сұрақтар бойынша:  8 777 971 57 67, 8 /727/ 397 - 40 - 55 нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады. 


Ұқсас тақырыптар