Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VI Халықаралық Фараби оқулары аясында 21 ғасырдың инновациялық потенциалы және тұрақты даму мәселелеріне арналған конференция өтті.
Модератор ретінде география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Виталий Сальников және Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Рафиз Абазов сөз сөйледі. Конференцияға қатысушылар үшін «Урбанизация және орнықты даму мақсаттары: жаһандық трендтер», «Ақылды қалаларды дамыту контекстіндегі аумақты кеңістікте ұйымдастыру» сияқты тақырыптары бойынша презентация ұсынылды.
Профессор Рафис Абазов өз сөзінде студенттер тарапынан ғаламдық MDP қауымдастығының бағдарламасы бойынша дайындалған «Ақылды қала» атты жаңа жобасының басымдықтары туралы айтып берді. Жобаны құрудың мақсаты - резиденттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалалық информатика технологиясының көмегімен өмір сүру сапасын жақсарту.
ҚазҰУ «Ақылды қала» жобасын ЮНЕСКО-да "ақылды" жаһандық қауымдастығы мен Париж қаласының мэрі үшін таныстырылым жасауды жоспарлап отырғандығы айтылды. Бұл жоба мамыр айының ортасында өтетін Астана экономикалық форумында да таныстырылатын болады. Спикерлер атап өткендей, кез келген дамушы қала адамдар үшін «ақылды» болуы тиіс. Ал «Ақылды қала» жобасына нақты IT-тәсіл қажет.
«Бізде қаланы технологиялық бірлік ретінде басқару мүмкіндігі бар. Ол үш негізгі компонентті қамтиды. Бұл – кеңістікті қорғау тұрғысынан экономикалық, әлеуметтік және IT-компоненті. Ол барлық жағдайды ойдағыдай үйлестіреді. Жоба тұжырымдамасы бойынша болашақта біз адамдардың қала инфрақұрылымын өздеріне ыңғайлы әрі жағатын форматына көшіп отыруға қол жеткіземіз деген сеніміміз бар.
ҚазҰУ «Тұрақты даму бойынша Юнеско» кафедрасының профессоры Мақсат Алинов қалалардың тұрақты дамуының Smart Сity қазақстандық моделін қалыптастырудың негізгі жаһандық трендтер мен бүгінгі жағдайы жайында туралы баяндап берді. Бүгінде ауылды жерлерден қалаға қарай ағылған көшпенділер легі артып келеді және мұндай үрдіс көптеген елдерде де орын алған.
БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай 6,2 млрд. адам қалаларда тұрады және бұл жер халқының жалпы санының 66%-ын құрайтын болады. Көптеген түйткілдерді шешу үшін 152 ел экологиялық тұрақты урбанизацияға ықпал ететін қалаларды дамытудың ұлттық стратегиясын әзірледі.
Бұл проблеманы шешу үшін Қазақстанда да жобалар іске асырылуда. Жүргізілген зерттеулер бойынша, бүгінде Қазақстанның 100 мыңнан астам адамы бар 41 қала үш санатқа бөлінді. Нәтижесінде еліміздің 14 қаласы урбанизациялаудың жоғары рейтингісіне ие болды. Он алты қала урбанизацияның орташа рейтингіне енгізілді және он бір қала урбанизацияның төмен рейтингінен орын алды. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында елдің ең ірі бес қаласында Smart Astana, Smart Karaganda, Smart Ontystuk, Smart Almaty, Smart Aktobe Smart City дамыту көзделгенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар конференцияда экологиялық мәселелер талқыланды. Британдық The Eco Experts ұйымының мәліметтері бойынша Қазақстан әлемдегі экологиялысы қатты уланған 10 елдің қатарына екен. Қазақстанда жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі шамамен 100 млн. тоннаны құрайды, яғни жыл сайын 5-6 млн. тонна ҚТҚ жинақталады. Оның ішінде ҚТҚ 5% кәдеге жаратылып өңделеді.
Ресей мен Қазақстанда қазіргі заманғы жаһандық трендтерге сәйкес цифрлық дамудың мемлекеттік стратегиялары қабылданып, іске асырылуда. Сондай-ақ ынтымақтастықтың кластерлік нысанын қалыптастыру бойынша бірлескен қызмет жүргізілуде. Мәселен, мемлекетаралық кластер үшін таңдалған «Ақылды қала» жобасы қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қалалық шаруашылықты басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, қала тұрғындарының өмірі үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Конференцияның соңында ғалымдар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, басқа да тақырыптарды да талқылады.
Mezgil.kz