Құрдымға кеткен экономика: Ресей дабыл қағуда

Қаңтар айында Ресей Федерациясының федералды бюджетінде алдын-ала мәліметтер бойынша 1,776 триллион рубль тапшылық болды.  


_123862583_s2.jpg


Қаңтардағы кірістер 1,356 триллион рубльді құрады, бұл бір жыл бұрын осы кезеңдегі кірістер көлемінен 35%-ға аз. Бұл ретте мұнай мен газдан түскен кіріс 2022 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 46%-ға азайып, 426 млрд рубльді құрады. Ресей Қаржы министрлігі атап өткендей, ең алдымен, Urals мұнайына Еуропа тарапынан шектік баға белгілеуі және гах экспортының төмендеуімен байланысты. Мұнай және газдан басқа түсімдер 931 млрд рубльді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға азайған. Бұл негізінен ішкі ҚҚС (қосылған құн салығы) және табыс салығы түсімдерінің төмендеуіне байланысты. 


Қаңтарда бюджет шығыстары 3,117 триллион рубльді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға артқан. Ішкі ҚҚС-тың түсуі қаңтарда өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда екі есеге кеміген. Өткен жылы ол 683 миллиард рубль болса, қазір 379 миллиард рубльді көрсетті. Қаржы министрлігі мұны өткен жылдың сәуір айынан бастап ҚҚС қайтарудың жеделдетілген тәртібінің енгізілуімен байланыстырады. 


Ресейдің бюджет заңына сәйкес, 2023 жылы кірістер 26 триллион 130,3 миллиард рубль, шығыстар - 29 триллион 55,6 миллиард рубль, тапшылық - 2 триллион 925,3 миллиард рубль мөлшерінде болады деп жоспарланған. Ресей бюджеті 2023 жылға мұнай бағасы барреліне 70 доллар болады деген көрсеткішпен есептелген, алайда Ресей мұнайына шектік баға енгізілгеннен кейін, оның бағасы 46 доллардан аспады. 


Ресейдің қаржы сарапшылары дабыл қағып, жағдайдың тым күрделі күйге жеткенін айтады. Санкциялар күшейе берсе, бюджет тапшылығы да арта береді дейді олар. 


Mezgil.kz





Ұқсас тақырыптар