Қазақстан 25 кен орнын аукционға шығарды

БАҚ: «Қазақстан 25 кен орнын аукционға шығарды. Жалпы құны 48 млрд долларға тең», - деп хабарлады.

331531152_866819904391507_1520915443678853645_n.jpg

Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, процесс толығымен цифрландырылған. Адамның араласуынсыз, онлайн өтеді. Қазақстандық немесе шетелдік кез-келген адам (компания) қатысып, өз бағасын ұсына алады.

Содан кейін, әлгі сатып алған компаниямен 10-20 жылға келісімшарт жасалады. Сатып алушы әр жыл сайын, өзінің есебін беріп, бағдарламасын көрсетіп отырады. Аукцион 26 мамырға жоспарланған.


***

Аукцион дегеннен шығады. 2015-2016 жылы Қазақстан Үкіметі дәл осы аукционмен ойнаймын деп от басып қала жаздаған еді. Ол кезде Алматының қазіргі әкімі Ерболат Досаев Ұлттық экономика министрлігін басқарып тұрған. Вице-министрі Қайырбек Өскенбаев еді.


Досаев министрлігі жарияға жар салып, қазақ жерін аукцион арқылы сатылымға шығарды. Сол кезде қазақ қоғамы өре түрегелді. Бүкіл Қазақстанның сергек саналы азаматтары жер-жерде митингке шықты. Ақыры, Үкімет аукционды тоқтатып, Жер комиссиясын құруға мәжбүр болды.


***

Енді Үкімет тағы да аукционды ауызға ала бастапты. Бұл жолы бақандай 25 кен орнына игеру құқы сатылымға шығарылмақ. Және шетелдік тұлғалардың қатысуына рұқсат берілмек. Ең қауіптісі осы тұсы.

Шетелдік деген түсініктің ішінде - алыс немесе жақын шетелдік деген анықтауыш жоқ. Демек, Ресей де, Қытай да, басқасы да әлгі 25 кен орнының саудасына қатыса алады. Тіпті, ұта алады. Министрлік шетелдік тұлғалардың қатысуын немесе ұтуын шетелдік инвестиция деп атайды. Ал біз шекараласып жатқан мемлекеттерге кен орындарын игеру құқын сату - стратегиялық тұрғыдан қауіп деп есептейміз. Сіз не дейсіз?


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар