Посткеңестік елдер: Қош бол, орыс тілі!

Соңғы 30 жылда посткеңестік елдерде (Ресейді қоспағанда) орыс тілінде оқитын мектеп оқушыларының саны екі еседен көп азайды, яғни 9,2 миллионнан 4,1 миллионға дейін қысқарған. Бұл туралы А. С. Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының «Орыс тілінің әлемдегі индексі» атты зерттеуінде мәлімдеген, деп жазады Коммерсанть басылымы.

апа.jpg

Сарапшылардың айтуынша, тек Белорусьте ғана орыс тілінде оқитындар саны 11% - ға өскен, ал Литва, Украина, Түрікменстан, Грузия және Армения мектептерінде айтарлықтай азайған.


Бұл жағдай орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарында да байқалады. Мәселен, орыс тілінде оқитын ЖОО студенттерінің саны 30 жылда 2,1 есеге — 692,3 мың адамға дейін қысқарды.


Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша посткеңестік елдерден оқуға келетін азаматтардың көпшілігі Қазақстанды таңдайды екен. Ресейге барып оқитын шетелдік студенттерінің бестен бір бөлігі Қазақстанға келеді. Грузия мен Балтық елдеріне сұраныс аз.


Бірқатар бұрынғы кеңестік республикаларда орыс тілі заңнамада бекітілген ресми мәртебеге ие. Мысалы, Белрусьте орыс тілі мемлекеттік (Беларусь тілімен бірге), Қазақстан мен Қырғызстанда — ресми (түрлі мекемелерде мемлекеттік тілмен қатар қолданылады), Тәжікстанда — ұлтаралық қатынас тілі болып танылды.


Ал Украина (ұлттық азшылық тілдерінің бірі ретінде) мен Молдова (ел аумағында қолданылатын тілдердің бірі ретінде) орыс тіліне Конституциясында ешқандай мәртебе бермеген.


Посткеңестік мемлекеттерде (Ресейді қоспағанда) орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жалпы саны соңғы мәліметтер бойынша 83,3 мың адам.


Мектепте орыстардың саны бойынша Өзбекстан мен Қазақстан көш бастаса, мектеп мұғалімдерінің жалпы санындағы үлесі бойынша Армения алдыңғы орында екен.


85 жыл бұрын КСРО-да «Ұлттық республикалар мен облыстардың мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқыту туралы» қаулы қабылданды. Осыған сәйкес орыс тілі барлық кеңестік мектептерге міндетті пән ретінде енгізілді.


Одақтас республикалардағы орыс тілін оқыту деңгейін 1989 жылғы соңғы Бүкілодақтық санақтан көруге болады. Онда орыс тілінде еркін сөйлейтін адамдардың үлесі 20% - дан 60% - ға дейінгі аралықта болған.


КСРО ыдырағаннан мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ. Посткеңестік кеңістіктегі орыс тілінің ауқымын «Ethnologue» әлем тілдері жөніндегі анықтамалықтардан аңғарса болады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар