«Шағала-М» дроны: Қазақстан Ресей-Украина соғысынан сабақ алуда

Қазақстан отандық өнім – «Шағала-М» дронын сынақтан сәтті өткізді. Бұл туралы ҚР Индустрия министрлігі хабарлады. Сынақ барысында дронның ұшу жылдамдығы, биіктігі мен ұзақтығы тексерілді.


1685609797399431.jpg


Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) әзірлеуші - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ.


Жаңартылған үлгідегі «Шағала-М» ұшқышсыз ұшу аппаратының тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсартылып, жылдамдығы, әуеге көтерілуі және ұшу ауқымы кеңейді.


«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтің айтуынша, елімізде құрастырылған ҰҰА әмбебаптылығымен ерекше. Мәселен, оны мұнай-газ, энергетика секторлары және азаматтық қорғаныста, оның ішінде іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Бұған қоса қазақстандық өнімнің төтенше жағдай кезінде тікұшақты алмастырып, мұнай және газ құбырларына, сондай-ақ электр желілеріне бақылау жүргізуде пайдасы көп.


3b5973d2d2ea45068f450655e654c529_1280x720.jpeg

(Сурет ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сайтынан алынды)


«Шағала-М» аппаратының артықшылығы оған ұшып-қону жолағы қажеті жоқ. Бағасы шетелдік аналогтармен салыстырғанда арзан. Аталған өнімді сату мәселесіне келсек, СТ–KZ және индустриялық сертификаттары мен патенті бар.


Қазақстан Ресей-Украина соғысынан сабақ ала бастаған. Сол үшін де ҚР Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын арнайы оқытуға әл әзірден кірісіп кеткен.


1685609429303492.jpg

(Сурет әлеуметтік желіден алынды)


Украина-Ресей соғысы бізге сабақ болуда!


«Біз Ресей мен Украина соғысын сырттан бақылай отырып, бүгінгі күннің қажеттіліктерін ескеріп отырмыз. Қазақстан қазір дрондарды басқаратын операторларды оқытуды қолға алды. Арнайы жасақтардың даярлығы барысында да айтарлықтай өзгерістер бар. Дрондарды әзірлеу мен қолдануға көңіл бөліне бастады. Өйткені бұл соғыс дрондардың тек қана соққы жасау үшін емес, сондай-ақ, барлау жұмыстарында да белсенді қолданылып жатқанын көрсетті», - дейді ҚР Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов.


Ресейлік стандарттардан бас тартамыз!


Ал түріктің «Anadolu» агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты арттыруға ниетті. Екі ел арасында нақты келісімдер мен жобалар талқыланған.


Онда Қазақстан Түркиямен келесідей бағыттарда әріптестікті күшейтуды көздеп отыр:


- Ұшқышсыз басқару аппараттарын өндіру және дрон құрастыру процессінің алғашқы кезеңдеріне Қазақстанның қатысуы;

- Оқ-дәрілерді НАТО стандарттарына сәйкес өндіру. Әсіресе, 155 мм калибрлі снарядтарды өндіру;

- Қазақстандық әскери өндірісті НАТО стандарттарына сәйкестендіру.


Бұл қадамдар сөзсіз, Қазақстанның Ресейлік стандарттардан арылуға біржола көшкенін білдерсе керек.


t00bwmlupq2y.jpg


Түркия ОА-ның басты әскери одақтасы болуға ниетті


Осыған дейін түріктің «Hürriyet» агенттігі: «Түркия түркі елдерінде азаматтық қорғаныс механизмін құруға ниетті», - деп жазған. Бұл дегеніңіз, Түркі мемлекеттері одағына мүше бес ел – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстанда және бақылаушы үш мемлекет – Түркіменстан, Венгрия мен Солтүстік Кирде ортақ оперативік платформа құру деген сөз. Аталған орталық аталған мемлекеттердің аумағында қандай да бір төтенше жағдайлар немесе табиғи апаттар орын алған жағдайда, жан-жақты әрекет ету, ортақ күш жұмылдыруды ұйымдастырады.


Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік: Қазірдің өзінде Түркия мен ОА мемлекеттері арасында әскери ынтымақтастық жолға қойылып келеді.


Мысалы, 2015 жылдан кейін Түркия ОА-ның қару-жарақ нарығына дендеп ене бастады. Бұл бағытта екпін Қазақстан (қару-жарақ платформасы, дрон саудасы) мен Түркіменстанға (әскери кемелер, дрондар) қойылды.

Дәл осы кезеңде Қазақстан мен Түркіменстан әскери саланы модернизациялауды, сөйтіп «советтік» стандарттардан арылу процессін бастады.


Түркия қазір Түркіменстанға қару-жарақ пен әскери техника жеткізуден көшбасшылардың бірі болды.  Ал Өзбекстан әскери техника импортына келгенде салқынқанды саясат ұстануда. Себебі, Өзбекстан бұл бағытта отандық өндіріске көбірек екіпн беруде. Қырғызстан Түркиядан қару-жарақ пен әскери техниканы аз алады. Себебі, Қырғызстанның бұл саладағы басты импортері – Ресей болып отыр.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар