Қазақстан Еуропаға: Мұнай бар. Орыстың орнын біз басамыз!

Өткен аптаның аяғында Қырғыздың Шолпан Атасында Еуропа одағы мен Орталық Азия басшыларының екінші реткі самммиті өтті.


1685951923607775.jpg


Аталған жиын барысында Еуропалық кеңес президенті Шаль Мишель ЕО Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанға санкция салынуы мүмкін деген мәселеге жеке тоқталды.


Орталық Азияға санкция салына ма?


«Біз осыған дейін Ресейдің агрессиясын, соғыс машинасын қолдаушыларға қарсы санкция салдық. Соғыс басталғалы-бері біз санкциялардың 10 пакетін жарияладық. Қазір 11-ші пакет санкциялар талқыланып жатыр. Бұған Ресейдің соғыс машинасын қолдаған мемлекеттер түрткі болды. Біз экс-территориалдық принципті қолдамаймыз», - депті Еуропалық кеңес басшысы. 


Осыған дейін АҚШ Ресейдің 69 ірі компаниясын «қарі тізімге» енгізген. Олармен қатар, Армения мен Қырғызстанның да компаниялары санкцияға ілінген.


Ал наурыз айында ЕО-ның санкциялар бойынша өкілі Девид О Салливан Астанаға арнайы келіп, соғыс басталғалы-бері ЕО мен ОА арасындағы сауда-саттық 300 пайызға өскені, Ресейге салынып жатқан санкцияларды айналып өтуге көмектеспеу керектігін сөз еткен. Өйтпегенде, ОА елдерін де санкцияның дүресі тосып тұрғанын қатаң ескерткен.


Мұнай орыста ғана емес, бізде де бар!


Қырғызстанда екінші жолы ұйымдастырылып отырған «ЕО-ОА» саммитінде сөз алған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға: «Орыстың мұнайының орнына біздің, Қазақстанның мұнайын алу» туралы ұсыныс айтқан. Президент Тоқаев Германияға экспорттап отырған қазақ мұнайының бір жылдық көлемін 200 мың тоннадан 1,2 млн тоннаға дейін жеткізуді ұсынған.


Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуді биыл ғана көбейтіп отыр. Германиядан басқа қазақ мұнайын Италия да сатып алуда. Бұл өлкеге мұнай жеткізу биылғы жылдың бірінші тоқсанында 38%-ды құраған. Ал Францияға экспортталған қазақ мұнайының көлемі 5 пайыздан 7%-ға, Румынияға 4 пайыздан 7%-ға өскен.


Алайда бір айта кетерлігі, Қазақстан өз мұнайын Еуропаға Ресейдің «Достық» құбыры арқылы ғана экспорттап отыр. Қазақ мұнайын Еуропаға экспорттау Ресейдің Энергетика министрлігінің рұқсатымен ғана жүзеге асады. Еуропалық одақ 2022 жылы орыс мұнайына шектеу қойған. Екі аптадан кейін орыс газына да шектеу енгізді.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар