Сарапшылар: "Украина батпағына батқан Ресей Кавказдан айырылып тынды"

19-қыркүйек күні Әзербайжан Қарабақтағы заңсыз қарулы армян топтарын қарусыздандыруға бағытталған антитеррор операциясын бастады. Операция 23 сағатта аяқталып, Баку барлық міндетті шешкенін айтты. Қарабақтағы армян сепаратистері қаруын тастап, берілуге келісті. Сонымен бірге Таулы Қарабақ Республикасы деп аталатын квазимемлекеттік заңсыз құрылым да жойылуы қажет. Қарабақтағы армяндар мен Әзербайжан билігі бүгін Евлах қаласында кездесіп, мәселені түбегейлі шешу үшін келіссөз өткізбек. Бұл оқиғаны Ресей сарапшылары «Қарабақ армяндарының капитуляциясы» деп атауда.


ИноСМИ: Путин в ярости из-за провокаций самолетов-шпионов США у границ  России - TOPNews.RU

 

Әлемдік пресса 2020 жылы соғысты тоқтатып, бітімгерлік күштерін кіргізе білген Ресейдің әрекетін «Мәскеудің стратегиялық жеңісі» деп атаған болатын. Себебі Ресей екінші Қарабақ соғысына дейін Арменияда әскери базасы болса, соғыстан кейін енді Қарабаққа да өз әскери контингентін кіргізуге мүмкіндік алды. Алайда 19-20 қыркүйектегі антитеррор операциясы Ресейдің бұл аймақтағы ықпалына қатысты күмән тудыруда.

 

2023 жылдың қыркүйегіндегі қақтығыста Ресей тарапы қандай да бір әрекетке бармай, тек мониторинг жасаумен болды. Қақтығысты тоқтатуға тиіс болған ресейлік бітімгерлік күштері де әрекетсіздік көрсетті. Әлемдік пресса бұл туралы «Украина соғысында әлсіреген Ресей, оңтүстік Кавказдағы ықпалының азайғанын сезеді» деп жазды. Ал кей сарапшылар Кремль тағы бір қақтығысқа кіріп, екінші фронттың ашылуын қаламайтынын айтты.

 

Сарапшы Джеймс Килнер (Daily Telegraph басылымы) 2020 жылдан кейін бұл аймақта жағдайдың күрт өзгергенін айтады. 2023 жылға дейін Кремль Арменияның гаранты саналса, ендігі таңда ол күш қатынасы өзгере бастағанын білуде дейді маман. Килнердің жазуынша Армения Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдамай, батысшыл позиция ұстанып келді. «Кремль мүмкін Ереванды, оның ішінде Пашинянды жазалағысы келеді» дейді ол.  

 

«Бакудың антитеррор операциясы Қарабақты толық қайтару жолындағы жойқын шабуыл үлгісінде болды», - дейді Globe and Mail сарапшысы Марк Маккиннон.

 

«Ресей 2020 жылы екі ел арасындағы соғысты тоқтатып, бұл аймаққа супердержава рөлінде қайта оралды. Алайда оның супердержавалық уақыты тым қысқа болды. Ресей Украинаға соғыс ашып, үлкен қателік жіберіп, державалық ғұмырын ақымақ шешіммен көміп тастады. Соғыс үлкен шығынға әкелді, әр аймақта Мәскеу ықпалы азайып жатыр. Кавказ соның бір көрінісі. Украина батпағына батқан Ресей, Кавказдан айырылып тынды десек те болады», - дейді ол. Оның ойынша егер Арменияда Пашинян билігі сақталса, онда ҰҚШҰ-дан шығу және Ресей базасын ел аумағынан шығаруы да әбден мүмкін. 

 

Ресей Украинада соғыс бастаған сәтте әлемнің әр аймағындағы әскери базаларынан сарбаздарды ұрыс даласына шақыра бастады. Соның ішінде Армениядағы 102-базаның әскери құрамы да екі есеге азайған, яғни олар Украинаға жіберілді. Қарабақтағы бітімгерлер саны да азая түскен. Бұл Украина майданының Ресей үшін оңайға соқпай жатқанын білдірсе, екінші жағынан Кавказдағы ықпалының азайғанын аңғартады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар