Иран билігі 2022 жылғы ішкі наразылықтардан кейін хиджаб киюге қатысты заңды қатаңдатып, талаптарды барлық қоғамдық ортаға бекітті. Діни қысым және адам құқығын сақтауға қатысты толқулардан кейін, Иран билігі дін нормаларын сақтауды қатаң бақылауға алған. Сарапшылар 2022 жылғы Ирандағы адам құқығын сақтауға шақыру акциялары мен наразылықтары еш нәтиже бермегенін, Тегеранның керісінше қоғамдағы діни қысымды арттырғанын айтуда.
Iran Human Rights Monitor зерттеушілері Тегерандағы ең ірі Бехеште-Захра зиратындағы құлпытастардың бұзылғанын жазды. 98 құлпытастағы әйел бейнесінде хиджабтың дұрыс салынбағанына байланысты олардың бетін бояп кеткен, кейбірін сындырып тастаған.
«Хиджабсыз әйелдің бейнесін салу дінге қарама-қайшы және сенушілердің сеніміне деген құрметсіздік деп ойлаймын. Біз құлпытас жасаушылар мен тас орнатушыларға арнайы ережені бекітіп бердік. Олар ережені бұзатын болса, онда біз келісімді үземіз», - дейді зират басшысы Саид Газанфари.
Iran Human Rights Monitor-дің жазуынша Иранда зираттардағы құлпытасты бүлдіру әрекеті алғашқы әрекет емес, бұған дейін де дәл осындай оқиғалар болғанын айтты. 2020 жылы Мазандаран аймағындағы Роян зиратындағы әйелдердің құлпытастағы суреттерін марқұмдардың туыстарына ескертпестен өзгертіп тастаған жайт тіркелген. Иранда адам суретін құлпытасқа салу жиі кездеспейді, дегенмен бұған дейін суретті құлпытасқа салуға тыйым салынбаған еді. Сарапшылар ендігі таңда Иран билігі құлпытасқа сурет салуға тыйым салатын ереже енгізуі мүмкін деп санайды.
Қыркүйек айында Иран билігі дінге қатысты қабылдады. «Хиджаб кию және ақыл-парасат шешімі» заңына сәйкес, хиджаб киюден бас тарту және хиджаб кимеуге үгіттеу дінге қарсылық ретінде қабылданып, 10 жылға дейінгі түрмеге қамалуға әкелуі мүмкін.
Mezgil.kz