«Орыстар әуелі Пушкинін, кейін пушкісін әкеледі»: Ресейдің ОА-ға жаңа жорығы

1898 жылы Орталық Азияны толық Ресей империясының боданы еткен орыстар КСРО кезінде ғана орыс тілінің үстемдігін енгізе алды.

1702029082334057.jpg

1989 жылғы санақта Түркіменстандағы жергілікті ұлттың 6 пайызы өз ана тілін білмейтін болып шықты. Қазақстанға 2 миллион өлі жанды қосып, жергілікті халықты ұлттық азшылыққа айналдырды және ОА-ның өнеркәсіп орындарының бәріне тек ішкі Ресейдің мамандарын ғана қызмет пен жұмысқа тартты. Ал, жергілікті ұлттардың еншісіне партия, кәсіподақ пен комсомол ұйымдарында еңбек ету бақытын бұйыртты.

КСРО құлап, кеңестік жоспарлы экономикаға негізделген кәсіпорындар тұралаған шақта келімсектер тарихи отандарына оралып, ОА-да этникалық орыстар мен орыстілділердің саны кеміді. Әрі әр тәуелсіз ел төл оқулықтарын шығарып, бұрынғы кеңестік білім беру жүйесі келмеске кетті.

Енді араға 30 жыл салып Ресей сол кеткен олқылықтарының орнын толтыру үшін оқу-ағартушылық шапқыншылық жорығын «Россотрудничествомен» бастады. «Россотрудничество» дегеніміз – ТМД бойынша істердің халықаралық гуманитарлық әріптестік пен шетелдегі отандастарға көмектесетін Федеральдық агентігі.

Осы мақсатпен Ресей Орталық Азияға орыс тілдерін тықпалауға мықтап кірісіп жатыр. Қырғызстандағы ресурстық орталықтар, Қазақстандағы үш мектеп, Тәжікстан мен Өзбекстан мұғалімдерін орыс тілін оқытуға дайындау бағытында «Россотрудничество» біршама жұмыстар атқарылды.

Шетелдегі отандастарға көмек дегенді алға тартқан Путиндік Ресей «Россотрудничество» арқылы әлі талай дүниені тас талқан етері анық.

Осы жолы «Россотрудничество» өзбектің Термез қаласында ресурстық орталық ашты. Бұл Өзбекстандағы ашылған бірінші РО. Сондықтан оған Өзбекстан Республикасындағы «Россотрудничества» өкілі Ирина Старосельская қатысып, өз сөзінде: «Қанша жерден жеке мемлекеттер болсақ та, бәрібір ТМД кеңістігінде орыс тілі ұлтаралық қатнас тілі болып қала береді», - деп сайрады.

Татар ағайындардың «орыстар әуелі Пушкинін, одан кейін пушкісін әкеледі» деген мәтелі осындайда ойға оралады. Сонымен ОА-ға Пушкин келді. Енді пүшкәнің төбе көрсетер күні де алыс емес сияқты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар