Ресей әуе компаниялары: Тірі қонуларыңызға уәде бермейміз!

Әзербайжан ақпарат көздері 6-желтоқсан күні ресейлік «Аэрофлот» компаниясына тиесілі ұшақтың апаттық жағдайға тап болғанын жария етті. Ұшақ Баку әуежайына қонар сәтте, «Боинг-737-800» қанатының бұрылуы іске аспаған. Ұшақ әуежайға қонды, алайда мамандар апаттық жағдайды «сирек кездесетін сәттілік» деп атады.  


В «Уральских авиалиниях» исключили связь посадки в поле с санкциями — РБК

 

7-желтоқсан күні Ресей әуе компаниялары Халықаралық азаматтық авиация күнін атап өтті. Алайда желтоқсан айы ресейлік азаматтық авиация үшін жағымсыз басталды деуге толық негіз бар. Ресейдің авиация саласына салынған санкциялардың әсері енді білінуде. Батыс Ресей нарығына ұшақ бөлшектерін жеткізуге тыйым салып, техникалық қолдауды тоқтатқан болатын. Ал желтоқсанның алғашқы он күні Ресей авиациясы үшін апатты жағдайда өтті.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 1 КҮНІ. «ИрАэро» компаниясың Superjet-100 ұшағы Новосібір — Талакан бағытында әуеге көтерілді. Ұшақ қанаттың автоматты жабылуы іске аспағандықтан, автопилот жүйесіне жүгінген. «Уральские авиалинии» компаниясына тиесілі Airbus-321 ұшағы Сочи әуежайына қонар сәтте гидрожүйедегі ақаудың барын айтып, қону жолағын апаттық жағдайға дайындауды сұраған. Дәл сол күні Сочи әуежайынан Мәскеуге бет алған «Россия» компаниясының RRJ-95 ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонған.

 

«Ютэйр» әуе компаниясының Ан-74-200 ұшағы Красноярск әуежайынан ұшуы тиіс болатын. Алайда техникалық ақауға байланысты ұшақ әуеге көтерілмеді. «Уральские авиалинии» компаниясының А-321 ұшағы Калининград әуежайына қонар сәтте басқару датчигінің істен шыққанын айтты.


ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 2 КҮНІ. «Ямал» компаниясының RRJ-95 ұшағы Ноябрьск – Уфа бағытында әуеге көтеріліп, ұшақ ішіндегі қысымның азайғанын хабарлаған. Ал «Аэрофлоттың» А321 ұшағы Петербургтен Мәскеуге көтеріліп, сол қозғалтқышының істен шыққанын хабарлап, апаттық жағдайда қонған. «Аэрофлоттың» Ереванға ұшуы тиіс ұшағы сол күні есігі істен шығып, рейс іске аспады.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 3 КҮНІ. «РусЛайн» компаниясының CRJ2 ұшағы Нарьян-Мар әуежайынан техникалық ақауға байланысты рейсті кейінге шегерді. Ал «Азимут» компаниясының RRJ-95 ұшағы Сочи әуежайынан техникалық ақауға байланысты ұшпады. «Ред Вингс» компаниясының RRJ-95 ұшағы Самара әуежайынан Стамбұлға көтеріліп, араға үш минут салып қайта қонды. Ұшақтың қону себебі техникалық ақаумен байланысты еді. «Аэрофлоттың» А320 ұшағы Қазан әуежайына апаттық жағдайда қонды. Ұшақтың қозғалтқышының бірі істен шыққан еді.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 4 КҮНІ. Мәскеу-Нижнекамск бағытында ұшуға тиіс Airbus A320 ұшағы әуеге көтерілмеді. Басты себеп техникалық ақаумен тікелей байланысты. «Азимут» компаниясының RRJ-95 ұшағы Сочи әуежайынан көтерілуі тиіс болатын, алайда техникалық ақауға байланысты рейс тоқтатылды. «КрасАвиа» компаниясының Як-42 ұшағы Красноярск әуежайына қонар сәтте бір қозғалтқышы өшіп қалды. «Нордстар» компаниясының Петербургтен Абақанға ұшу сәтінде В-737-800 ұшағында техникалық ақау байқалып, әуежайға қайта оралған.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 5 КҮНІ. «Победа» компаниясының B-737 ұшағы әуеге техникалық ақауға байланысты көтерілмесе, Хабаровскке бет алған Ан-12 ұшағының басқару рөлінің қысымы түсіп кеткені жайлы ақпарат айтылды. Дәл сол күні «Победа» компаниясының тағы бір B-737 ұшағы ауа райын бақылау құрылғылары толық істен шығып, апаттық жағдайда қонды. «Ред Вингз» компаниясының RRJ-95ВС ұшағы Жуков әуежайына қонды. Ұшақ әуеге көтеріліп, кері қонуға мәжбүр болған.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 6 КҮНІ. «Аэрофлоттың» Пермь – Мәскеу бағытында әуеге көтерілген А-320 ұшағы әуежайға көтерілген соң қайта қонған. Басты себеп жүк салу бөлігінің есігіндегі ақауға байланысты еді. «Ютэйр» компаниясының В-737-800 ұшағы Мәскеу әуежайына гидрожүйенің істен шыққан күйінде қонды. «Россия» компаниясының RRJ-95 ұшағы Мәскеуден Саранскке ұшуы тиіс болатын. Алайда техникалық ақауға байланысты рейс кейінге шегерілді. «Газпромавиа» компаниясы Як-42 ұшағының екі гидрожүйесі істен шыққанын айтты, алайда қай бағытқа ұшқан ұшақ екені жайлы ақпаратты БАҚ бетіне жариялаудан бас тартты. «Аэрофлот» компаниясының Boeing-777 ұшағы Петропавловск-Камчатскке бет алған ұшағы электрожүйенің жануынан апатты жағдайда қонды.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 7 КҮНІ. Улан-Удэ әуежайында «Авиастар-Ту» компаниясының Ту-204 ұшағы әйежайда тұрған сәтте қозғалтқышы іштен тұтанып, рейс тоқтатылды. «Ред Вингс» компаниясының Махачкаладан Наманганға бет алған RRJ-95 ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға кері оралды. «Якутия» компаниясының В-737-800 ұшағы Новосібірге апатты жағдайда қонды. «Сомон эйр» компаниясының В739/М ұшағы Сургуттен әуеге көтеріле алмады. Себебі есіктерді жабу сигнализациясы істен шыққан болатын. «Сибирь» компаниясының В-737-800 ұшағы Новосібір-Мәскеу бағытында ұшуды іске асырмады, басты себеп қозғалтқыштың істен шығуы болатын.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 8 КҮНІ. «Россия» компаниясының Airbus 319 ұшағы Минеральные Воды-Санкт-Петербург бағытында әуеге көтеріліп, артынша қайта қонған. Басты себеп ұшқыштар кабинасындағы қысымның төмендігі. S7 компаниясының Boeing-737 ұшағы Новосібірге апаттық жағдайда қонды, себебі ұшақ қозғалтқышы істен шыққан болатын. «Ред Вингс» компаниясының RRJ-95LR-100 ұшағы Нижний Новгород қаласындағы әуежайға қонар сәтте дөңғалағы ашылмай, екі мәрте айналып барып қонуына тура келген.

 

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 9 КҮНІ. «Уральские авиалинии» компаниясының А-32009 ұшағы Благовещенск – Мәскеу бағытында әуеге көтеріліп, техникалық ақауға байланысты Новосібір әуежайына қонуға мәжбүр болды. «Россия» компаниясының А-320 ұшағы Челябі әуежайына ғарышпен байланыс жүйелерінің істен шыққан күйінде қонды. «Ред Вингс» компаниясының RRJ-95 ұшағы Самара әуежайынан көтерілер сәтте қозғалтқышы қосылмай, рейс кейінге шегерілді.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар