Астанаға бүгін Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның Вице-президенті Жозеп Боррел ресми сапармен келді. Боррел президент Тоқаевтың қабылдауында болып, ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер жүргізді.
(Сурет: Ақорда сайты / Ағыбай Аяпберген)
Сонымен, Боррел Қазақстанға не үішн келді?
МИНИСТР МҰРАТ НҰРТІЛЕУ НЕ ДЕЙДІ?
«Жозеп Боррелл мырзаның бүгінгі сапарына ерекше мән береміз, алғаш 2022 жылы Астанаға сапармен келген еді. Өзім былтыр мамырда Брюссельде болдым. Бүгінгі кездесу біздің төртінші толыққанды басқосуымыз. Екі жақты байланыс Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір көрсеткіші екенін толық сеніммен айта аламыз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуроодақ өзара сенімге, сыйластық пен ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастарды бірізді дамытуда», - деді министр Мұрат Нұртілеу.
Сыртқы істер министрі Еуроодақ өкілімен келіссөздің ашық әрі конструктивті сипатта өткенін айта келе: «Біздің мақсат – Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру жолдарын қарастырып, өзара тиімді шешімдер қабылдау. Қол жеткізген уағдаластықтар жан-жақты байланыстарымызды одан әрі тереңдетуге жаңа леп береріне сенімдімін», - дейді.
САЯСАТШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?
Қазақстанның географиялық орналасуына қарай, Ресей және Қытаймен өзара тауар айналымының үлесі артып келе жатқаны жасырын емес. сол себепті де, Боррел бұл келгенде ірі еуропалық бизнестің Орталық Азия өңірінде, соның ішінде Қазақстанда белсенді дамуы үшін мүмкіндіктерді талқы етпек. Оның үстіне, соңғы 30 жылда Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық серіктесі деген статусқа ие екенін және қоса кету керек.
«Қазақстанға деген қызығушылық артып келеді. Қазақстанның Сирия бойынша келіссөздерге қатысты позициясы күшейіп келеді. Оған қоса әзербайжан-армян қақтығысындағы медиатор рөлі де артуда. Әзербайжан-армян келіссөздерінің финалы Қазақстанда өтуі әбден мүмкін. Бұл өте маңызды, өйткені Қазақстан кез келген басқа елдерге қарағанда, осы елдер арасындағы қақтығыстың бейбіт келісімге қол қою арқылы аяқталуы үшін зор күш-жігерін жұмсады», - дейді саясатшылар.
БОРРЕЛ САПАРЫ: ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНБАҚ?
Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррелдің Қазқстанға сапарлап келуінің мәні үлкен. Бұл келістің барысында Боррел Қазақстанға бінеше ұсынысты (сәлемді) ала келген болса керек. олардың ішінде:
Бірінші: Еуроодақ үшін Қазақстанмен қарым-қатынас геосаясаттың маңызды аспектісі болып табылатынын тағы бір көрсету үшін келді. Өйткені қазір жаһандық саясаттағы турболенттілік күшейіп, Орталық Азияға талас қыза түсті. «ОА5+1» форматындағы кездесулер көбейді. Осы тұста Еуропаның негізгі модераторы рөліндегі Еуродипломатия басшысы Боррел осы аталған форматтағы (ОА5+1) интеграциялық потенциалдарды күшейтуді көздейді.
Екінші: Қазақстандағы АЭС құрылысы тақырыбы да қаузалуы мүмкін. Өйткені, биыл күзде референдум өткізгелі отырған Қазақстан АЭС салуға құлықты. 6 мемлекеттен ресми ұсныс қабылдап та үлгерген. Солардың ішінде Франция да бар. Франция президенті Макронның Астанаға арнайы келуінде талқыланған басты тақырып осы – АЭС құрылысы болғаны жасырын емес. ендеше, Боррел бұл сапарында АЭС-ке қатысты келісімшартты еуропалық компанияларға тартуды көздейді.
Үшінші: Боррел Қазақстанға келетін барлық Батыс дипломаттары секілді Ресейге қарсы санкциялар тақырыбын, соның ішінде Қзаақстан тарапынан аталған санкцияларды қатаң сақтауды талап етеді.
Төртінші: Боррелдің Қазақстанға сапары экономикалық және логистикалық жоспарлармен байланысты болуы мүмкін. Еуроодақ ҚР экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар саны бойынша көш бастап тұр. Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы ірі сауда серіктесі. Сондықтан да бұл сапарда Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық, инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту жайы басты талқы болмақ.
Бесінші: Халықаралық Транскаспий бағыты тақырыбыда назардан тыс қалмайды. Еуроодақ үшін бұл белгілі бір дәрежеде Ресейдің арқасына қадалған қанжардай болады, себебі бұл бағыт Ресейді айналып өтеді.
Mezgil.kz