Құлдырау: Ресей экономикасын не күтіп тұр?

Ресей экономикасы Украина соғысынан кейін ішкі нарықта өсім көрсетті. Бұл биліктің төл валютаға интервенция жасауымен, мұнай мен газдың соғысқа қарамастан сатылуымен және салынған санкцияларды Ресей экономикасының айналып өту жолын табуымен тікелей байланысты еді. Сарапшылар Ресей экономикасында қызу кезеңі басталды деп атады. Алайда бұл кезең жақында аяқталады дейді мамандар және оның алғашқы көріністері де бар.


Резкий спад экономического роста будет повсеместным: Всемирный банк  пересмотрел прогнозы на 2023 год – K-News

 

Экономиканың қызу кезеңі биліктің экономиканы әскери салаға бағыттауымен де байланысты. Сарапшылар зауыттар мен фабрикалар әскери тапсырысқа жұмыс істеп жатқан өндіріс кешендері күні-түні тоқтамай, халыққа жұмыс тауып бергенін айтуда. Алайда соғыс аяқталған сәтте, зауыттарды әскери саладан қайта бейбіт сұранысқа бейімдеу қажеттілігі туады. Бұл уақытты қажет етеді және нарықтағы орнын бәсекелестер арасында іздеуге тура келеді. Әсіресе, көлік және техникалық өндіріс саласы осы бір мәселеге тап болуы мүмкін дейді мамандар. Қазірдің өзінде соғысқа байланысты мемлекеттік қолдауға ие болған көптеген сала шырқау шегіне жетіп, ендігі таңда өсім деңгейі тоқтаған.  

 

2024 жылдың ІІ жартысында Ресей ЖІӨ-нің өсімі 4 пайызды құрауы мүмкін. Алайда алдағы уақытта ол көрсеткіш екі есеге құлдырамақ. Бұл туралы Bloomberg зерттеулері көрсетуде.

 

Oxford Economics сарапшылары Ресей экономикасына кері әсер ететін факторларды атады. Оның ішінде демография, инвестициялық тартымдылықтың төмен болуы, көп шығынның пайдасыз бағытқа (соғыс) бөлінуін атап өтті. Қысқа мерзімде экономиканың өсімін баяулататын жайт Ресейдің қаржылық саясатты қатаңдатуымен байланысты. Ресей базалық мөлшерлемені көтеруде, бұл экономикаға әсер етеді. Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың тең жартысы базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты жабылуда, сәйкесінше ол құрылыс салаларына соққы жасайды.

 

Bloomberg Economics-тің Ресей бойынша сарапшысы Александр Исаковтың пікірінше Ресейдің ЖІӨ өсімі жыл соңында 2 пайызды, ал келер жылы  0,5–1,5 пайызды құрауы мүмкін. Оның ойынша алдағы 6 айда Ресей экономикасының қызу кезеңі аяқталады және экономикада керісінше құлдырау басталды.

 

Өндіріс ошақтарында жұмысшы күшінің тапшылығы байқалады. Сарапшылар экономикаға кемі 2 млн жұмысшының жетіспейтінін айтуда. Бұл соғыспен, мобилизациямен және еңбек мигранттарының Ресей нарығына аз келуімен, Ресей азаматтарының шетелге көптеп кетуімен байланысты. Жұмысшы күшінің тапшылығы экономиканың өсімін кемі 1,5 пайызға құлдыратуы мүмкін. Санкциялық қысым күшейіп, Ресейдің көлеңкелі мұнай және газ флотын қыспаққа алу қарқыны күшейді. Өзге елдің қаржылық құрылымдары Ресеймен қаржы айналымын Батыс тарапынан салынуы мүмкін санкцияны ескере отырып, азайтты. Бұл Ресей экономикасына соққы болуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар