Байденнің шешімі: Украинаға рұқсат етілмеген қару берілмек!

Ресей әскері Донбасстағы шабуылын үдетуде. Курахово, Торецк, Часов Яр бағытында алға жылжуда. Курск облысындағы шабуылдарын да жалғастыру үстінде. Вашингтон Ресей әскерінің шабуылын бәсеңдету мақсатында Украинаға жаңа қару түрлерін беру шешімін қабылдады. Ендігі таңда Украина Ресей аумағына алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандармен шабуыл жасай алады. Сарапшылар Украинаның Ресей аумағындағы әскери қоймалар мен мұнай базаларына соққы жасап, логистикасына кедергі жасай алатынын айтты.


Противопехотные мины - спасатели назвали типы и объяснили, чем опасны | РБК  Украина

 

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға жаяу әскерге қарсы миналарды беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы The Washington Post басылымы жазды. Басылым жаяу әскерге қарсы миналар қарсыластың алға жылжуын бәсеңдету мақсатында ойлап табылғанын мәлімдеді.

 

WР басылымының жазуынша АҚШ Киевке зарядталатын миналарды жеткізетінін айтуда. Яғни уақыт өте келе минаның заряды таусылып, ол бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз болмақ. Украина билігі миналарды алған сәтте, оны бейбіт тұрғындар тұратын аймақтар мен елді-мекендерге орнатпайтынын айтқан. Миналар Ресей әскері шабуыл жасайтын бағыттар бойынша орналастырылады. АҚШ билігі миналарды Украина әскері тек өз аумағына орналастыра алатынын айтты. Яғни, Курск облысына АҚШ берген жаяу әскерге қарсы миналарды орналастыруға рұқсат етілмейді. Курскке Украина өзінің отандық миналарын орналастыруда.

 

АҚШ президенті Джо Байден ұзақ уақыт бойы Украинаға мина беруден бас тартып келді. Алайда Ресей әскерінің Донбасста алға жылжуы және Трамптың сайлауда жеңіске жетуі оның шешіміне өзгеріс енгізді.

 

Пентагон жаяу әскерге қарсы миналарды беру шешімі маңызды екенін айтуда. Бұл Ресей әскерінің шабуылын бәсеңдетіп, кей тұтас тоқтатуға себеп болады дейді.

 

Жаяу әскерге қарсы миналарды қолдану БҰҰ-ның 1996 жылғы Оттава конвенциясына байланысты тыйым салынған болатын. Аталған конвенцияны 164 мемлекет мойындап, 2005 жылы Украина билігі де мақұлдады. Алайда конвенцияны мақұлдаған елдердің ішінде АҚШ пен Ресей жоқ. Ресей билігі соғыс басталған кезеңнен бері жаяу әскерге қарсы миналарды көптеп қолдануда. 

 

БҰҰ бірнеше мәрте Украина мен Ресей ұрыс даласында жаяу әскерге қарсы минаны қолдануда деп  айыптаған болатын. Алайда Украина конвенцияны бұзбағанын айтты. Ал Ресей билігі Украинаны «қашықтықтан миналау әдісі арқылы Донбасстағы бейбіт халықты қыруда» деп айыптаумен келеді. Сарапшылар Ресей әскерінің Донбасста алға жылжуының бір себебі Украина әскеріндегі жаяу әскер мен техникаға қарсы минаның тапшылығы деп түсіндіреді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар