Ұрланған болашақ немесе сағатына 2 млрд рубль: Ресей соғысқа қанша қаржы құртуда?

Сарапшылар Ресей әскерінің күздегі шабуылы экономикалық және адами шығынның орасан негізде артуына әсер еткенін жазуда. The Moscow Times басылымы Ресейдің күзгі шабуылға байланысты артқан бюджеттік шығынын есептеп шықты.


Война стоит денег. Много - Тверезий погляд

 

Жылдың үшінші кварталында «ұлттық қорғаныс» тармағы бойынша шығындар көрсеткіші 4,328 трлн рубльге жетіп, жаңа рекорд орнатқан. Бұл туралы Германиядағы Халықаралық қауіпсіздік институтының маманы Янис Клюге Ресейдің «Электронды бюджет» жобасына назар аудара отырып, есептеп шықты.

 

Жылдың екінші кварталымен салыстырғанда үшінші кварталдағы әскери шығын 80%-ға артқан. Орташа есеппен алғанда шілде-қыркүйек айында Ресей билігі әскери қажеттілікке аптасына 329 млрд рубль немесе күніне 47 млрд рубль, яғни сағатына 1,96 млрд рубль жұмсаған.

 

Клюгенің есептеуінше әскери шығынның ашық және жабық түрлері ондаған есе артқан. Осылайша бір ғана кварталдың өзінде әскери салаға жұмсалған қаржы білім беру саласының үш жылдық бюджетіне тең қаржыға теңескен. Ресей билігі бір кварталда Иркутск аймағының 15 жылдық бюджетін (270 млрд рубль) немесе «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық бағдарламаларға» бөлінетін 15 жылдық қаржыны әскерге жұмсауда.

 

Үшінші кварталда келісімшарт бойынша соғысатындарға бөлінетін қаржы да ұлғайған. Шетелдік компаниялармен әскери әріптестік саны да ұлғайып, бұл салаға бөлінетін қаржы үшінші кварталда 173 млрд рубльге жеткен. Мамандар аталған қаржы Солтүстік Корея мен Иранға бағытталатынын айтуда. Яғни қаржының басым бөлігі дрон, снаряд және зымыран сатып алуға жұмсалуда. Жыл басынан бері бұл бағытқа кемі 1,9 трлн рубль жұмсалған.

 

Жыл басынан бері әскери шығындар 7,1 трлн рубльді құрады. Бұл федералды бюджеттің 27%-ы деген сөз. Аталған сумма жыл соңына дейін 11,5 трлн рубльге жетуі мүмкін.

 

2025 жылға Ресей әскери салаға рекордтық көрсеткіште қаржы бөлмек. Әскери салаға федералды бюджеттің 32,5%-ы жұмсалады. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, Ресей 2022 жылы бюджеттің 17%-ын әскери салаға жұмсаған еді. 


Ресейдің тәуелсіз сарапшылары биліктің әскери салаға қисапсыз қаржы бөліп, әлеуметтік саланың қаржысын кемітуінің салдары қоғам үшін ауыр болатынын айтуда. "Білім мен ғылым саласына, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласына бөлінетін қаржының басым бөлігін әскери және қауіпсіздік саласына бөлу арқылы балаларымыздың болашағын ұрлауда" дейді олар. 


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар