Ғалымдар пікірін айтты: 2028 жылы Орталық Азияда су тапшылығы артады...

Орталық Азияда су тапшылығы арта түспек. Бұл туралы Бішкекте өткен «Климаттық өзгерістер және Орталық Азиядағы су мәселесі» жиынында айтылды. Ресейдің Ғылым академиясының қызметкері, академик, ғалым Станислав Притчин бірнеше сандарды келтірді.


Хватит ли воды Узбекистану в 2040 году: мнение экспертов

 

Ғалымдардың айтуынша Орталық Азия әлем бойынша су қоры жетіспейтін аймақтардың қатарына кірді және жағдай жыл өткен сайын күрделене түсуде. Оған экономикалық, экологиялық және демографиялық факторлар әсер етуде.

 

«Ең алдымен климаттық өзгерістер өз әсерін беруде. Жаһандық жылыну мұздықтардың жаппай еруіне әкеліп жатыр. Ал Орталық Азияда мұздықтар ауыз судың негізгі көзі болы табылады. Сәйкесінше мұздықтар азайған соң, өзендегі су деңгейі де түсе бермек», - дейді Станислав Притчин.

 

Ол демографияның әсері жайлы дай айтты. «Аймақ жылдам дамып келеді. Демография қарқынды түрде өсуде. Соның ішінде Өзбекстан демографиялық тұрғыдан көшбасшыға айналды. Өзбекстанда 1991 жылы 22 млн халық болса, 2025 жылғы статистика бойынша 37,5 млн халық тұрады. Ал Орталық Азияда 80 млнға жуық халық бар. Яғни, тек қана халықтың ауыз суды қолдануының өзі үлкен дефицитті туындатады. Оның үстіне тозығы жеткен инфрақұрылым тағы бар», - дейді Притчин.  

 

Притчиннің пікірінше Орталық Азиядағы су тапшылығы 2028 жылдан бастап өрши түспек. Дәл осындай болжамды Азиялық даму банкі де айтуда.

 

Ғалымдардың пікірінше соңғы 10 жылда Орталық Азиядағы суармалы жер көлемі 2,2 миллионнан 10 миллион гектарға дейін ұлғайған. Алайда инфрақұрылымның ескіруіне байланысты егістіктерге суды жеткізу кезінде судың 60%-ға жуығы мақсатсыз негізде жерге сіңіп кетеді. Аймақтағы арықтар мен су арналары әбден тозған.

 

Притчин су тапшылығы қарамастан аймақтағы судың арзан екенін айтуда. «Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда судың тарифі әлемдік стандартпен есептейтін болсақ текше метріне 10-14 центті құрайды, ал Ресейде бұл 49 центке тең. Дамыған елдерде судың бағасы текше метріне бірнеше долларға дейін жетеді. Ауыз судың тым арзан болуы оны үнемсіз пайдалануға әкеледі және ысырапшылдықты арттырады», - дейді ол.

 

Орталық Азия ғалымдары дереу арада суды үнемдеу саясатын іске асырмаса, аймақ елдері арасында саяси салқындық пайда болуы мүмкін деп болжайды. Мамандар суды үнемдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын арттырып, арықтар мен каналдарды жаңартып, ауыл шаруашылығына жаңа технология енгізіп, ауыз су бағасын өсіруді ұсынуда. 


Mezgil.kz

 

 



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар