БҰҰ-ның ОА мен Ауғанстан бойынша орталығы Алматыда болады: Сарапшылар не дейді?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады. Бұл қарарға 152 мемлекет бірлесіп, автор болған.

1741172104141578.jpg

(Суреттер: inform.kz, kazgazeta.kz сайттарынан алынды)

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. Бұл – еліміздің сыртқы саясаттағы айтулы жетістігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады», - деп жазды Руслан Желдібай.

1741171352888484.png

(Сурет: Facebook скрині)

Біз саясаттанушыларға хабарласып, олардың пікірін білдік.

1741171737621070.jpg

Нурхат Ораш, саясаттанушы:

– Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) арналған аймақтық орталығының ашылуы – еліміздің дипломатиялық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.

Бұл шешім бірнеше аспект бойынша маңызды. 

Біріншіден, Қазақстан аймақтағы тұрақтылық пен дамуды қолдауда шешуші рөл атқаратынын тағы да дәлелдеп отыр. Орталық Азия мен Ауғанстан – саяси, экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан бір-бірімен тығыз байланысты өңірлер. Сондықтан Алматыда мұндай хабтың құрылуы – Қазақстанның бейбітшілік пен даму саласындағы жетекші елдердің бірі ретінде танылуының белгісі.

Екіншіден, бұл бастама еліміздің сыртқы саясаттағы көпвекторлы ұстанымына сәйкес келеді. Қазақстан БҰҰ-ның құрылымдарымен белсенді жұмыс істеп, халықаралық ұйымдардың аймақтық орталықтарын өз аумағына тарту арқылы ықпалын кеңейтіп келеді. Бұған дейін Астанада БҰҰ-ның Тұрақты даму орталығы ашылған болатын. Бұл үрдіс Қазақстанды халықаралық ынтымақтастықтың маңызды платформасына айналдырып отыр.

Үшіншіден, бұл шешім Алматы қаласының халықаралық хаб ретінде дамуына қосымша серпін береді. Мұндай орталықтың ашылуы жаңа инвестицияларды, сарапшылар қауымдастығын, ірі халықаралық шараларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық және ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Жалпы, бұл қарар еліміздің көпжақты дипломатиясының кезекті табысы және Қазақстанның халықаралық деңгейде мойындалған сенімді серіктес ретіндегі рөлін нығайтатын қадам.

1741171613187868.jpg

(Сурет: 365info.kz)

Мурад Шамилов, политолог:

– Алматы становится центром устойчивого развития: значимое событие для Казахстана и всего региона Центральной Азии!

4 марта 2025 года Генеральная Ассамблея ООН единогласно поддержала инициативу Казахстана о создании Регионального центра ООН по Целям устойчивого развития (ЦУР) в Алматы. Этот шаг является важным достижением для страны и подчеркивает её растущую роль в международных процессах.

Инициатива, которую ещё в 2019 году Президент Токаев, после более чем 5-летней работы наших дипломатов, нашла поддержку 152 стран-членов ООН во время голосования сегодня.

Почему это важно для нашей страны?

Укрепление международного имиджа и статуса средней державы - middle power. Казахстан укрепляется в роли регионального лидера в Центральной Азии, предлагая решения для устойчивого развития и укрепления региональной безопасности.

Экономические перспективы: Центр будет способствовать обмену передовыми технологиями и опытом, что открывает новые возможности для бизнеса и инвестиций.

Влияние на регион и его международную репутацию. Казахстан помогает не только своему развитию, но и поддерживает процессы интеграции региона Центральной Азии в глобальную повестку, а также восстановления и интеграции Афганистана в экономику и безопасность региона.

Перспективы для будущего. Сегодня в мировой политике развивается в новых реалиях. Многополярный мир открывает всё новые возможности для всех стран.

Создание Центра — это еще один шаг к тому, чтобы Казахстан стал мостом между мировыми центрами силы, а также катализатором устойчивого развития в Центральной Азии.

Сотрудничество с международными организациями различного уровня даст стране возможности для новых проектов и инициатив, которые положительно повлияют на стабильность и процветание всего региона. Казахстан открывает новые горизонты для всей Центральной Азии!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар