Келіссөз келбеті: Украинаның "қызыл сызықтары" мен талаптары қандай?

Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату бойынша тараптар арасындағы пікір алмасу қызу жүріп жатыр. Украинаның бірнеше саясаткері The Independent басылымына пікір білдіріп, ұрыс қимылдарын тоқтатуға қатысты ойларын және Киевтің позициясын айтты.


Когда и как закончится война в Украине: мнения западных и украинских  экспертов

 

Украина Ресеймен келісім жасау барысында негізгі талаптарын және өтуге болмайтын «қызыл сызықтарды» атамақ. Сонымен: Украина өз бақылауындағы аймақтарды Ресейге бермейді, Ресей ұрлап әкеткен мыңдаған баланы қайтаруы тиіс, Мәскеу әскери тұтқын ретінде саналмайтын мыңдаған бейбіт тұрғынды дереу босатуы тиіс, Ресей келісімді бұзбауы үшін Украинаға қатысты халықаралық қауіпсіздік кепілдігін бекітілуі қажет. Украина осы талаптар негізінде келіссөз жүргізбек.

 

Украина тарапы ұрыс қимылдарын қазіргі майдан шебі бойынша тоқтатуға әзір, алайда Ресей оккупациясындағы аймақты Мәскеуге тиесілі деп мойындауға ниетті емес. Ресей талап етіп отырған Херсон, Запорож, Донецк және Луганск аймақтарын тұтастай Мәскеуге беру туралы талапты Киев ешқашан орындамайтынын айтты.

 

Кремль «Херсон, Запорож, Луганск және Донецк аймақтары тұтастай Ресейге берілуі тиіс» дейді. Мәскеудің айтуынша аталған аймақ Ресей конституциясына қосылған және Ресейдің тарихи жері саналады. Бұл басқыншылық ұсынысқа Украина билігі үзілді-кесілді қарсылық танытуда. Ал Ресейдің ұлтшылдары төрт облысты тұтас алмай соғысты тоқтатпауға шақыруда.

 

The Independent басылымы ұрыс қимылдарын тоқтату туралы шешім қабылданса да, ондаған мың украин балалары Ресейдің қолында заңсыз негізде қалып қою қаупі барын айтуда. Киевтің сөзінше Ресей соғыс бастаған сәтте мыңдаған баланы Ресей аумағына күштеп әкеткен, ал ондаған мың бала оккупациядағы аумақта қалып қойды.

 

Украина Ресей билігі ұрлап әкеткен балаларды кері қайтаруды талап етуде. Сонымен бірге олардың есімін өзгертуді, күштеп орыстандыру саясатын тоқтатуды сұрауда. Ұлыбританияның барлау қызметі Ресей билігі соңғы 3 жылда оккупациядағы 3,5 млн адамға Ресей паспортын таратқанын айтты. Ресей паспортына ие болған мыңдаған ер азамат соғысқа күштеп мобилизацияланып, ұрыс даласына жіберілген.

 

Save Ukraine ұйымының өкілі Николай Кулеба былай дейді: «Украина өмір үшін күресіп жатқан сәтте, Ресей өз әскерін тек қана сарбаздармен емес, сонымен бірге балалар және жасөспірімдермен де толықтыруда. Соңғы 11 жылда оккупациядағы аймақта 1,6 млн украин баласы қалып қойды. Ресей олардың көпшілігін өз аумағына күштеп әкетіп, бірегейлігін жоюда. Күштеп орыстандыру саясаты іске асып жатыр. Оларды Украинаны, Еуропаны, АҚШ-ты жек көруге үйретуде», - дейді. Николай Кулеба соңғы үш жылда Ресей заңсыз әкеткен 600-ден астам баланы халықаралық ұйымдардың көмегімен Украина аумағына қайтара алған.

 

«Азаматтық бостандық орталығының» мәліметінше 2022 жылдан бері 8 мыңнан астам украин азаматы Ресейдің 70-тен астам абақтысы мен түзеу мекемесіне жөнелтілген. Ал Ресей қолындағы әскери тұтқындар жайлы ақпарат әлі белгісіз. Украина келісім жасасу сәтінде тұтқындарды толық алмасу форматын ұсынбақ.

 

Украинаның СІМ басшысы Андрей Сибига келіссөз жайлы былай дейді: «ЕО-ға қосылу мәселесі болсын, НАТО-ға мүше болу мәселесі болсын күн тәртібінен алынып тасталмауы қажет. Сонымен бірге Украинаның қорғаныс саласын дамытуға немесе әскер санын ұлғайтуға қатысты шектеу болмауы тиіс».

 

Ресей билігі Украина тарапы ұсынған талаптармен келіспейтінін айтты және Украина Ресейге 4 облысты тұтас беруі тиіс деген позицияда тұр.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар