АҚШ: Соғысты КСРО емес, біз жеңдік! Бұл біздің жеңіс күніміз!

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы «Жеңіс күні» деп жариялады. АҚШ президенті фашизмді жеңуде шешуші рөл атқарған Америка екенін айтты.

1746169024552569.jpg

«Truth Social» әлеуметтік желісінде Трамп: «Жеңіске жету үшін ешкім бізден артық әрекет жасаған жоқ. Американдық сарбаздардың «күші мен батылдығына» тең жоқ», - деп жазды. Ол сондай-ақ 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы «Жеңіс күні» ретінде атап өтуді ұсынды.

ТРАМП: БҰЛ КСРО-НЫҢ ЕМЕС, БІЗДІҢ ЖЕҢІС КҮНІМІЗ!

Трамп: «Біз екі соғыста да, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеттік! Тіпті күшімен, батылдығымен және әскери шеберлігімен бізге ешкім теңдескен жоқ! Бірақ біз ештеңені тойламаймыз - өйткені бізде оны қалай жасау керектігін білетін көшбасшылар жоқ! Біздің жеңістерімізді тойлайтын кез келді», - деп жазды.

Президент Трамптың сөздерін қарапайым тілмен жеткізсек: «Бірінші және екінші жаһан соғысын біз жеңдік. Жеңіс біздікі», - деп төтесінен қойып отыр.

Әлбетте, президент Трамптың бұл айтқандары Мәскеудің қолайынан шығатын сөздер емес! Себебі, өзін КСРО мұрагері деп санайтын Мәскеу үшін «Жеңіс күні» - мемлекеттік масщтабта аталып өтілетін, діндей берік ұстанатын мереке!

1746168238479160.jpg

(Сурет: Википедиядан алынды)

ЖЕҢІС КҮНІ – КРЕМЛЬДІҢ БАСТЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРОПОГАНДАСЫ!

«Жеңіс күні» Қызыл алаңда әскери парад өткізу президент Путиннің бұлжымайтын дәстүрі, айнымас салтына айналған. Кремль үшін «Жеңіс күнін» тойлау, «Жеңіс парадын» өткізу  – пропоганда құралына айналған. Қазір көптеген шетелдік лидерлер Мәскеу шақырған мұндай парадтарға бармайды. Себебі, біреу ғана. Ресей әлем үшін агрессор ел! Путиндік Ресейде бұл мереке ұлттық әскери күштің демонстрациясына айналды.

Мәскеу жыл сайын парад өткізеді. Қызыл алаңға келетін соғыс ардагерлері жыл сайын азайып, әскери аппараттар, ұшақтар, танкілер т.б. көбейіп келеді. Кремль өткізетін «Жеңіс парады» құдды сұм соғыстың зұлматын көрген қарт майдангерлерді емес, Ресей билігін, Путин әскерінің «құдіреттілігін» ұлықтау процессі іспетті.

Биыл да сол дәстүрден айныған жоқ. 80 жылдық деген дөңгелек датаны сылтау етіп, әскери парад өткізбек. Кремль идеологиясы үшін бұл шеру – әлемге айбат шегудің ең оңтайлы тәсілі. Өндірісі өлімші хәлде. Батыс пен АҚШ санкциясынан экономикасы есеңгіреген. Жалғыз сенері – әскері, әскери өндірісі, қару-жарағы. Соны саудалайды. 9 мамыр сайын Қызыл алаңға бүкіл әскерін (өкілдерін) шығарып, «міне көріңдер» дейді. Бұл да агрессорлыққа тән сипат.

ТРАМП КРЕМЛЬ ИДЕОЛОГИЯСЫНА ДӨП СОҚҚЫ БЕРДІ!

Ал президент Трамптың «Жеңіс күнін» меншіктеуі – Кремльдің осы идеологиясына дөп соққылардың бірі болды! Осы ретте Mezgil.kz ақпараттық порталында жарияланған: «Сталиннің мойындауы: «Ленд-лизсіз» КСРО жеңілер еді» атты мақаланы ұсынып отырмыз...

1746168177197641.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / Сталиннің Черчилль үшін тілек айтып тұрған сәті)

СТАЛИН: «ЛЕНД-ЛИЗСІЗ БҰЛ СОҒЫСТА ЖЕҢІЛІП ҚАЛАР ЕДІК»

Тегеран конференциясы 1943 жылғы 28 қарашадан 1943 жылғы 1 желтоқсан аралығында бейтарап мемлекет саналатын Иранда өтті. Шын мәнісінде тағдырдың басқа салуымен антигитлерлік коалицияда одақтас болған елдердің басшылары алғаш рет бірігіп, бас қосты. Конференцияда екінші майданның ашылуы мен болашақ соғыстан кейінгі әлемнің саяси келбеті талқыға салынды.

Осы конференция барысында, 30 қараша Черчилль өзінің туған күні атап өтті. Оның құрметіне жасалған банкетте Сталин тост көтеріп, көрсеткен көмегі үшін Черчилль алғыс білдіріп, Рузвельт пен АҚШ-қа ағынан жарылды.

Сталин Рузвельтке: «Бұл соғыстағы ең маңызды нәрсе - машиналар. АҚШ айына 8 мыңнан 10 мыңға дейін ұшақ шығара алатынын дәлелдеді. КСРО айына ең көбі 3000 ұшақ шығара алады. Англия айына 3000-3500, негізінен ауыр бомбалаушы ұшақтарды шығарады. Осылайша, Америка Құрама Штаттары машиналар елі болып табылды. Бұл «Lend-Lease» көліктері болмаса, біз бұл соғыста жеңіліп қалар едік», - деп сөйлеген. Бұл Сталиннің мойындау сөзі еді.

1746168141273335.jpg

(Сурет: Imperial War Museums / КСРО-ға одақтастары берген көмектің бір бөлігі)

«LEND-LEASE» ҚАЛАЙ БЕРІЛДІ?

* КСРО-ға берілген көмектің алғашқы жөнелтімі 22 маусымда Ливерпульден Архангельскіге аттандырылды.

* Орыс-неміс майданының үшінші күнінде-ақ Қызыл Армияның апатқа ұшырағаны айқын бола түскен шақта, британдықтар өздерінің көлігінің КСРО-ға келуін күтпей, әскери сарапшыларға толы ұшақ жөнелтті.

* Мәскеуге 1941 жылы 27 маусымда генерал-лейтенант Макфарлейн мен контр-адмирал Майлз бастаған тұтас миссия келіп жетті. Соғыстың алғашқы екі жылында Мәскеудегі британдық әскери миссия үздіксіз ұлғайды. Алайда, британдықтарды бұл біріншіліктен көп кешікпей америкалықтар айырды. 

* Американдықтар кеңес халқының әрбір 10-ның 7-уін киіндірген, 10-ның 8-ін тамақтандырған. Нақтылай айтсақ, майдан даласындағы әрбір екінші кеңес жауынгері АҚШ формасын киіп соғысқан болып шығады.

* Аспанда ұшқан кеңестік ұшақтың тең жартысы америкадан жеткізілгендігі. Үш мәрте КСРО батыры Кожедуб тек қана америкалық Кобрамен әуеде самағаған.

* Әлемдегі ең ірі Луганск паровоз зауыты жау қолында қалған шақта қызылдар ділгір болған 2000 локомотив пен 11000 вагонның орнын 1942-43 ж.ж. америкалықтар толтырған еді.

* Әуе шабуылдарынан кейін темір жолдар толықтай істен шығып, оларды қалпына келтірудегі барлық қозғалыстың 95%-ын АҚШ қамтамасыз етті. Рельстер қажет болып, оны тағы да америкалықтар қамтамасыз етіп берді.

* Батыс 1941 жылдың қарашасында Қызыл Армия үшін әскери байланыс орнатуды қолға алды. Осы мақсатта КСРО-ға 2 000 000 километр далалық телефон кабелі жеткізілді. 4000 км теңіз кабелі, 35 800 радиостанция, олар үшін батареялар мен зарядтағыштардың үлкен саны, 89 000 дала телефондары, 6000 қабылдағыш соғыс даласында өз міндеттін атқарды.

* Одақтастық уәдесіне адал америкалықтар КСРО-да мүлдем шығарылмаған 3 арналы және 12 арналы жоғары жиілікті телефония жүйелерін жеткізіп, 300-ден астам кеңестік кеме неміс сүңгуір қайықтарымен күресу үшін аталған құрылғылармен жабдықталды.

* Қызылдарда керек десеңіз, радарлар шығаратын өнеркәсіптік кешен болмады. Сондықтан орыстар өтініп сұрағандықтан, айтқан сөзіне берік британдықтар мен американдықтар 2000 дана радар беріп, ділгірліктен құтқарып қалды. Одақтастары қолына ұстатқан бірінші дәрежелі 250 американдық радиостанция Бас Қолбасшы Сталинді барлық майдандардың қолбасшыларымен тұрақты байланыспен қамтамасыз ете білді. Бір сөзбен айтқанда 1943 жылға қарай майдан даласында әрекет еткен 150 кеңес дивизиясы, барлық броньды және барлық әуе әскерлері «Ленд-лиз» радиостанцияларымен жабдықталып үлгерді.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар