Қытай мен Ресей дос емес: Ал Хайшенвей кімдікі?

Соңғы уақыттары Ресей мен Қытай арасының тым жақындасып кетуі АҚШ президенті Дональд Трамптың түн ұйқысын төрт бөліп, тынышын алуда деген әңгімелер әлемдік БАҚ-та көп айтылуда.

1746511031210863.jpg

(Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды)

Әсіресе, бейбіт жатқан Украинаға соғыс ашып, әлемнен оқөшаулау көрген, саяси өәм экономикалық санкцияларға көмілген Ресейдің Қытаймен алыс-беріс, барыс-келісі көбейгені жасырын емес. Мұны ресейлік ақпарат: «Қытай мен Ресей дос мемлекеттер», деп дәріптеп келеді.

Шын мәнінде солай ма?

Қазір Ресейдің Қиыр Шығысы мен тұтастай Сібір аумағында ұзын-саны 14-17 миллион адам тұрады дейді ашық деректер. Бұл жақтағы ауыл-аудандарда, тіпті моноқалаларда адам қалмады десе де болады. Көптеген моноқалалар құлазып, қаңырап, бос тұр. Орыстардың дені елдің Еуропалық бөлігіне көшкен.

Ресей билігі қаңырап, иен қалған осы өлкелерге жіберуге адам таппай қиналуда. Орыс әйелдері кейінгі он жылдан бері бала тууды азайтты. Ресейдің қатты қорқып отырғаны да осы.

Поволжье және Орал тауы өңірлерінде, татар мен башқұртты, шуваш пен мордваны, орысты, тағы басқаларын қосқанда 17 миллионға жетер-жетпес ел тұрады. Бұларда да еңбек күші жетпейді. Ресей осынау орасан үлкен аумақтан айырылып қаламыз ба деп қатты үрейленуде.

Ал шекараның арғы бетінде әлекедей жаланып, Қытай тұр. Мыңдаған шақырымға созылған шекарадан бір аттап өту Қытайға қиындық тудырмайды. Ресейдің әлсірегенін пайдаланғысы келетін Қытай Қиыр Шығысты қайтарудың негізгі амалына әлдеқашан көшіп кеткен. Ол - Қиыр Шығысты соғыссыз жаулау операциясы!

Еске сала кетсек, 1860 жылдан бері Ресейдің қолында болған бұл аумақты Қытай Ресейге Пекин келісімінің бөлігі ретінде берген. Алайда, 20 000 шаршы мильді құрайтын бұл аймақты Қытай әлі күнге дейін өзінің бастапқы атауымен «Хайшенвей» деп атайды.

Шындығында, Қытайдың Владивосток пен оның төңірегіне қоятын талаптарының тарихи тамыры Тайуанға қойған талаптарынан гөрі тереңде.

Әлгінде ғана Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский Ресейге қатты айтты:

- Сендер енді бұл жерде билік жүргізе алмайсыңдар! Киевте де, Ригада да, Таллинде де, Кишиневте де! Варшаваны жаулап алу деген бос қиялдан арылыңдар! Оданша Хайшенвейді қалай Қытайға бермей алып қаламыз дегенді ойлаңдар!, - деді.

Сикорский айтып отырған Хайшенвей дегеніңіз - Владивосток қой. Қытайша атауы солай...

* Путин билігі Қиыр Шығыстан әскерін шығарып, Украинаға жібергенде іс жүзінде Қиыр Шығыстың аумағы босап, ол жерге қытайлар келе бастады. Шындығында Қиыр Шығыс жерін Қытай уысында ұстап тұр. Атап айтқанда, «Қара Аю» аралы Қытайға жалға берілген. Бұл аумақтың үлкен бөлігін алып жатыр.

* Сонымен қатар, Хабаровскіге Қытай жолдары салынған.

* Ресейдің Амур аумағы маңында бір шаршы шақырымға бір жарым адамнан келеді екен. Ал Қытайда бұл әлденеше көп. Тығыздық тым жоғары. Бұл қытайлықтардың Ресей аумағына көшуіне стимул. Аумақта қалған орыстар бірте-бірте ассимиляцияға ұшырайды деген болжам да жоқ емес. Ал Қытайлар өздері ассимиляцияға түспейді, өйткені олар өз мәдениетін өзгеге сіңдіре алады.

Сондықтан, «Ресей мен Қытай дос» деген сөз беті ғана...

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар