Қытай мен Ресей дос мемлекеттер ме? Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Қытайды «дұшпан» мемлекет деп санайды және Қытайдың Қиыр Шығысқа атысты амбициясы тым ауқымды деп есептейді.
(Сурет: constructour.net)
Жуырда «The New York Times» басылымы: «Ресей ФҚҚ-нің ішкі құжаттарында Қытай «дұшпан мемлекет» деп анық жазылған», - деп жазды. «NYT» өз кезегінде «Ares Leaks» хакерлерінен алынған құжаттарға сілтеме жасайды.
РЕСЕЙ: ҚЫТАЙ БІЗДІҢ «ДҰШПАНЫМЫЗ»
Ол бойынша:
Ресей ФҚҚ-сі Қытай барлау қызметінің, әсіресе Қиыр Шығыс пен Арктика аймақтарындағы белсенділігіне алаңдаулы. Ресейлік барлаудың мәліметінше, Қытай Қиыр Шығысқа көз тіккен және жуыр болашақта Ресейге аумақтық талап қою үшін қазір аталған аумақтан белсенді түрде «ежелгі Қытай іздерін» іздеуге кірісіп кеткен.
Қытайлықтарды ресейлік әскери технологиялар да қызықтырады. Атап айтқанда: Дрондар, аэросерпімділік, аэродинамика, әскери ұшқыштар, тіпті кеңестік дәуірдегі экранопландардың дамуы. Қытай қазір Қиыр Шығыста жұмыссыз қалған немесе билікке көңілі толмайтын ресейлік мамандарға жұмыс ұсынып, өз жағына тарту жұмыстарын жүргізуде.
Украинаға соғыс ашқан алғашқы күннен бастап, Ресей ФҚҚ Қытайдың арнайы қызметтеріне қарсы бағытталған «Антанта-4» атты жасырын бағдарламаны іске қосқан. Яғни, Кремль жұртшылықтың «Ресей-Қытай достығы» туралы риторикасына қарамастан, Бейжіңді бұрыннан «қауіп-қатер» деп санайды.
Ресей ФҚҚ мәліметінше, Қытай Орталық Азияда «жұмсақ күшті» белсенді пайдаланып, «Вагнер» ЖӘК секілді құрылымдарға қызығушылық танытуда. Сөйте тұра, Ресейде Қытайды ресми және жария түрде «дұшпан» деп атауға тыйым салынған.
«Кремль Қытайдан АҚШ-тан кем қорқады. Көпшілік алдында Бейжіңмен «достық» туралы айтылғанымен, қос елдің барлау агенттері қазірдің өзінде сахнаның артында астыртын күрес жүргізуде», - деп жазады «The New York Times».
ҚЫТАЙ ХАКЕРЛЕРІ РЕСЕЙГЕ «ШАБУЫЛДАУДА»
Жуырда «The New York Times» басылымы Қытай хакерлерінің Ресейге қарсы шабуылдарының үдегені туралы тағы бір зерттеуін жариялады.
«Украинада соғыс басталғаннан бері Қытай үкіметімен байланысы бар қытайлық хакерлер ресейлік компаниялар мен мемлекеттік секторға шабуылдарын күрт арттырды. Олар әскери технологияны, суасты қайықтарын, авиацияны және жауынгерлік тактиканы нысанаға алады», - деп жазады «The New York Times».
Қараңыз:
Қытайлық «Sanyo» тобы Ресейдің ядролық сүңгуір қайықтары туралы ақпараттарды ұрлауға тырысқан. Тағы бір қытайлық хакерлер тобы «Ростехке» шабуыл жасаса және бірі – авиация саласын нысанаға алған. Ал қытайлық «Mustang Panda» хакерлер тобы Қытай үкіметінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен байланысты топ саналады.
Сарапшылардың пайымдауынша, Бейжің шетелдік жауынгерлік тәжірибені, әсіресе Батыс қаруын қолдану тәжірибесін зерттеп жатыр.
Mezgil.kz