НАТО саммиті: Трамптың ұсынысы және Еуропаның ойы!

Бүгін Нидерландыда НАТО саммиті басталады. Бұл саммитке төрткүл дүние көз тігуде. Себебі саммит барысында НАТО-ның әскери құрылымын өзгертетін шешімдер қабылдануы ықтимал. АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет НАТО елдерімен саммит барысында толық құрамда кездесу өткізеді.


NYT сообщила об угрозе выхода США из НАТО в случае переизбрания Трампа — РБК

 

АҚШ президенті Трамп НАТО елдерін «қорғаныс саласына қаржыны аз бөлуде» деп айыптаумен келеді. НАТО-ға мүше елдер қорғаныс саласына қаржыны көбірек бөлуге ниетті екенін айтуда және АҚШ-тан Еуропадағы әскерін шығармауды сұрауда.

 

«Еуропа мен АҚШ-тың арасындағы қарым-қатынас соңғы айларда қатты шиеленісіп кетті. Трамптың сауда соғысындағы тарифтері мен НАТО-ға қатысты ұстанымы үлкен қиындықтарға әкелді. Біз Трамп Нидерландыдағы саммитке келмейді деп те ойладық. АҚШ басшысының саммитке қатыспауы Ресей мен Қытай үшін нағыз мейрам болар еді», - дейді еуропалық саясаткерлер.

 

НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте саммиттің өту жоспарын Трамптың мүддесіне сай жасауға тырысуда. Рютте саммитке дейін Еуропа елдерінің басшыларымен кездесіп, қорғаныс саласына көбірек қаржы бөлуге көндіруге тырысты. Осылай ол саммитте АҚШ пен Еуропа арасында келіспеушілік туындамаудың қамын жасауда.

 

«Трамп НАТО саммитінде Еуропа елдері қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 5%-ын бөлетінін естігісі келеді. Алайда бұл жоспары іске аспауы мүмкін. Себебі көптеген елдер бұл бастаманы іске асыруға қарсы және қорғанысқа бөлетін шығынды кезең-кезеңмен арттыру керек деп санайды», - дейді Испания қорғаныс министрі.

 

Испания қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 5%-ын бөлуге дайын емес. Еуропаның өзге елдері де қарсы. Еуропа елдерінің кейбірі АҚШ-тың қазіргі билігіне деген сенімі азайғанын айтуда. Бұл Трамптың Ресейге қатысты жұмсақ позиция ұстанып, Киевке қысымды арттыруымен де байланысты. НАТО саммитінде «Ресейді басты қарсыластың бірі ретінде сипаттайтын қорытынды құжатқа» АҚШ-тың қол қоятыны немесе қоймайтыны да белгісіз.

 

АҚШ Еуропаны қорғау міндетінен бас тартпайтынын айтуда. Алайда Еуропадағы әскерінің бір бөлігін әкетуі де мүмкін. АҚШ-тың ядролық қаруы Италия, Бельгия, Германия және Нидерландыда тұр. Еуропада АҚШ-тың 60 мыңнан астам сарбазы орналастырылған. Оның 20 мыңы Еуропаның шығысында тұр. Шығыс Еуропаға АҚШ әскерін Украина-Ресей соғысы басталған сәтте президент Байден орналастырды.

 

Еуропа елдері қорғаныс саласында бүгінде Вашингтонның әскери күшіне мұқтаж. Әсіресе АҚШ-тың барлау қызметі, авиациясы және зымыран күштері Еуропа үшін қажет. Трамп Еуропадан әскерінің бір бөлігін шығарып, Азияға бағыттауды ойластыруда.

 

Сарапшылар АҚШ әкімшілігі Шығыс Еуропадағы 20 мың әскерін шығару шешімін қабылдайтынын айтуда. Сонымен бірге Украинаға қосымша әскери көмек беруі де екіталай дейді. Байден әкімшілігі бөлген әскери көмек күзде таусылмақ. НАТО саммитінде Украина жайлы аз айтылады дейді мамандар. 

 

Рютте АҚШ пен Еуропа елдерінің арасындағы шиеленісті азайту үшін, қорғаныс саласына бөлінуі тиіс 5%-дық межені 3,5% (қорғаныс саласына бөлінетін қаржы) және 1,5% (қорғаныс инфрақұрылымына бөлінетін қаржы) деп жіктеуді ұсынуда. Алайда әр пайыз млрдтаған шығынды қажет етеді және Еуропа елдері Трамптың ұсынысына бірден көнуге дайын емес.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар