FT: Қырғызстан аумағы Ресейге салынған санкцияны айналып өтудің басты бағытына айналуда

Қырғызстанда ақпан айынан бастап Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін A7A5 криптовалютасы айналымда жүр. Ол ресейлік рубльге байланған. Аталған криптовалюта шекаралық төлемдерді төлеу үшін жасалды және ресейлік компаниялармен байланысы бар. Әсіресе Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне қатысы бар Промсвязьбанкпен байланысты болуы мүмкін. Дәл осындай мәтіндегі мақаланы Financial Times басылымы жариялады.


Киргизия пообещала соблюдать западные санкции против России | Factor.am

 

Криптовалютаны жасауға Молдовадан қашып кеткен, ресейшіл олигарх Илан Шордың қатысы бар дейді Financial Times. Ол A7 компаниясының иесі саналады және токен аталған компанияға тиесілі. A7A5 арқылы соңғы төрт айда кемі 9,3 млрд доллар қаржы арнайы Grinex криптовалюталық биржасына келіп түскен. Аталған биржа да жақында Қырғызстанда пайда болды.

 

Промсвязьбанкпен криптовалютаның байланысы бары анықталды. Аталған банк Ресейдің қорғаныс кешендерімен тығыз жұмыс істейді. Банкке АҚШ, Ұлыбритания, ЕО санкция салған. АҚШ-тың Қаржы министрлігі ресейлік банкті соғысты тікелей жаржыландырушы институт деп атауда.

 

Ресейлік пайдаланушылар A7A5 токендерін сатып алып, оларды АҚШ долларына байланған тұрақты монета USDT сатып алуға пайдалана алады. Кейін өзіне қажет кез келген елде немесе валютада қаражатты шығарып ала алады.

 

FT-ның жазуы бойынша қазір айналымда A7A5-тің 12 млрд токені бар. Бұл шамамен 156 млн доллар деген сөз. Бұл валютаны негізінен шағын пайдаланушылар тобы белсенді қолдануда. Financial Times-тың жүргізген талдауы Grinex-пен байланысы бар әмияндарға жалпы көлемі 9,3 миллиард доллар аударылғанын, бұл сома бар болғаны 124 әмияннан келгенін көрсетті. Бұл өте күмәнді дейді сарапшылар.

 

A7A5 компаниясының директоры Леонид Шумаков криптовалютаны іске қосу үшін Қырғызстанның юрисдикция ретінде таңдалғанын, себебі бұл «достық қарым-қатынастағы, санкцияларға онша ұшырай қоймайтын юрисдикция» екенін айтты. Ол бұл юрисдикция қазіргі уақытта «Ресейге көрсетіліп отырған қысыммен күресуге айтарлықтай көмектесіп жатқанын» ерекше атап өтті. Бұған дейін сарапшылар Қырғызстанда Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесетін көптеген делдал компаниялардың құрылғанын бірнеше рет мәлімдеген. Ресейлік Промсвязьбанкке санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін қырғызстандық «Керемет Банк» зардап шеккен болатын.

 

Financial Times атап өткендей, A7A5 және Grinex жүйелері Ресейдің тағы бір ірі көлеңкелі төлем жүйесі саналған Garantex құлдырағаннан кейін пайда болып, дами бастады. Elliptic атты блокчейнді талдайтын компанияның мәліметінше, 2022 жылдың сәуірінен бері бұл биржа 60 миллиард доллардан астам сомаға транзакция жүргізген және ол Ресей элитасы мен жаһандық қылмыстық синдикаттар тарапынан ақшаны заңдастыру үшін пайдаланылған. Garantex 2025 жылдың наурызында АҚШ-тың құқық қорғау органдары тарапынан жабылды.

 

Garantex әмияндарында сақталған 23 миллион доллар көлеміндегі USDT бұғатталды. Швейцариядағы блокчейнді зерттейтін Global Ledger компаниясының деректері бойынша, Garantex жүйесінде сақталған USDT-тің қомақты бөлігі кейін A7A5 жүйесіне аударылған. Ал A7A5 токендерінің шамамен 29 миллион доллары жаңадан құрылған Қырғызстандағы Grinex биржасына аударылған.

 

Grinex «халықаралық санкциялық режимдерді сақтайтынын және шектеулер енгізілген тұлғалармен немесе юрисдикциялармен ешқандай транзакция жүргізбейтінін» мәлімдеді.

 

Лондонда орналасқан ақпараттық тұрақтылық орталығы (CIR) атты коммерциялық емес зерттеу тобының жаңа есебіне сәйкес, A7A5 криптовалютасы Мәскеудің шетелдегі өз мүддесіне сай саяси науқандарды қаржыландыру әрекеттерімен де байланысты болуы мүмкін. CIR Молдовада саяси ықпал ету мақсатындағы операциялар кезінде қолданылған бірнеше домендердің IP-мекенжайы A7 және A7A5 сайттарымен бірдей болғанын анықтады.

 

FT сарапшылары осындай ауқымды зерттеуді жасай отырып, Қырғызстан аумағы Ресейге салынған санкцияны айналып өтудің басты бағытына айналып келе жатқанын жазды.


Mezgil.kz



Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар