Қанды қырғын: Покровск үшін ауыр шайқастар болып жатыр!

Ресей мен Украина әскері Покровск қаласы үшін қиян-кескі шайқасқа түсуде. Соңғы айларда бұл қала үшін шайқас Ресей-Украина соғысының басты майданына айналды. The New York Times басылымы Ресейдің Покровск қаласын басып алуға барын салып жатқанын жазды.


69071591755006907159175501176207195369071591754fe69071591754ff.png

 

Ресей әскері мен техникасының басым бөлігін Покровск бағытындағы шайқастарға жіберуде. Мәскеу бұл қала үшін 17 айдан астам уақыт бойы шайқасуда. Соғысқа дейін 60 мың тұрғын болған қалада, қазір жүзден астам тұрғын қалған. Қала ішіндегі шайқастар, ұдайы жасалатын зымыран және артиллерия соққылары шаһарды үйіндіге айналдыруда.

 

Қаланың ішкі аудандарында Ресейдің де, Украинаның да жасақтары бар. Әр ғимарат үшін ұрыс болуда. Deep State орталығының мәліметінше, Ресей соңғы күндері Покровсктің оңтүстік-батыс аймағын бақылауға алған. Ал қаланың батыс бөлігіндегі бір көшеге бақылау орнатқан. Қазір Покровск қаласының көп бөлігі әскери терминмен айтсақ, «сұр аймаққа» айналды. Яғни, Украина да, Ресей де толық бақылау орнатпаған аймақтың саны басым.

 

2023 жылдан кейін Ресей үлкен қалаларды басым ала алмады. Мәскеу Покровск қаласын басып алса, бұл ресейліктер екі жылда оккупациялап алған ең үлкен қала болмақ. Покровск қаласы Ресейдің қолына өтсе, Украина мен Ресей Донбасстағы соңғы екі ірі қала үшін шайқасады. Ол Славянск және Краматорск қалалары.

 

Покровск қаласын басып алу арқылы Ресей ішкі аудиториясына «қуатты Ресей әскері» деген насихатты күшейтіп, сыртқы саясатта «Донбассты алмай тоқтамайтынын» аңғартпақ дейді сарапшылар.

 

Әскери сарапшылар Покровск қаласының Ресей қолына өтуі Украина үшін катастрофа еместігін айтуда. Қала үйіндіге айналды, ал Ресей қаланы басып алу үшін 17 айда бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырады.

 

Украина тарапы ең үлкен мәселе ретінде сарбаздардың жетіспеуін айтуда. Покровск бағытында Ресей әскерінің саны Украинадан бірнеше есе көп. Кей тұста айырмашылық 1/7 көрсеткішіне жеткен. Ресей Покровск қаласымен бірге, Мирноград қаласына да шабуыл жасауда. Покровск қаласы ресейліктердің қолына өтсе, Мирноград қаласы қоршауда қалмақ.

 

Покровск қаласынан 70 шақырым жерде Краматорск қаласы орналасқан. Оның солтүстік тұсынды Славянск қаласы бар. Покровск қаласының қорғанысы құласа, Ресей аталған екі қала үшін шайқасқа түседі.

 

Әскери сарапшылар соғыстың позициялық негізге көшкенін айтуда. Майдан даласында бронды техникалар колоннасы мен ірі топтардың шабуылы азайды. Ұрыс алаңын дрондар 24/7 режимінде бақылауда. Қос тараптың сарбаздары жертөлелер мен терең окоптарда тығылып, 2-3 адамнан тұратын кіші топтармен қозғалып соғысуға мәжбүр. Ал қыста жағдай тіпті қиындай түспек. Ағаш жапырақтары түскен сәтте, дрондар бақылайтын аумақтың көлемі де ұлғая бермек.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар