Қазақстандықтар жылына 6 миллион тонна қалдық шығарады: Алматыда экология мәселелері талқыланды

4-¦-TЛTБTВTГ¦¬¦¬¦¦¦-¦¬¦¦.jpg


Өткен күндері ARTиШОК театрының базасында экологтар, белсенділер және өнер қайраткерлері мегаполис үшін өзекті экология мәселесін талқылаған еліміздегі алғашқы Eco-talks – қысқа сөз сөйлеу форматындағы іс-шарасы өтті. Іс-шара StopMusor эко-кампаниясы аясында «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдауы және Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының (ҚЭҰҚ) ұйымдастыруымен орын алды.

ҚЭҰҚ басқарма төрайымы Айгүл СОЛОВЬЕВА адамзаттың қоршаған ортаға деген орасан зор қарым-қатынасының салдары - бұл қоғамның барлық мүшелері шешуі тиіс проблема екенін, оның ішінде адамдардың сана-сезімін арттыру үшін үнемі жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті, ал мұнымен StopMusor жобасы айналысады.

5-¦Р¦¦¦¦TГ¦¬TМ ¦б¦-¦¬¦-¦-TМ¦¦¦-¦-.jpg

«Статистика көрсетіп отырғандай, бір ғана Қазақстанның полигондарында жыл сайын 5-тен 6 миллион тоннаға дейін қалдық түзіледі және біздің қазақстандық мамандар бұл 60 миллиард теңгеден астам соманы көмумен тең деп мәлімдейді, - деді эко-белсенді және Recycle Birge негізін қалаушы Пакизат САЙЛАУБЕКОВА, біздің мақсатымыз - Еуроодақ елдеріндегі сияқты қалдықтарды қайта өңдеу айналымына қол жеткізу».

Талқылау барысында автокөліктерді тексеру үшін қаланың периметрі бойынша экологиялық бекеттерді жұмысқа қайта енгізу ұсынылды. Шынында да, күн сайын қалаға облыстан 100 000-ға жуық машина кіреді, олардың көпшілігі техникалық стандарттарға сәйкес келмейді, осылайша ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын арттырады.

2-¦б¦¦TА¦¦¦¦¦¦ ¦Я¦-¦-¦-¦-¦-TА¦¦¦-.jpg

«Біздің табиғатқа тигізіп жатқан әсеріміз өте ұят жағдай: қоқыс, пластик және бөтелкелер барлық жерде. Ал осыны әл-ауқатты, жақсы көлік айдайтын алматылықтар жасайды», - деді спикерлердің бірі, тележурналист және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей ПОНАМАРЕВ. Ол сондай-ақ қоқыс - қаланың екінші мәселесі, бірінші орында - ауаның ластануы екенін атап өтті. Спикер өз сөзінде: «Алматы халқының үштен бір бөлігі бронх аурулары мен аллергиядан, яғни қолайсыз экологиямен байланысты сырқаттардан зардап шегеді. Сондықтан, Праймериздегі өз бағдарламамда мен біздің талай сыннан өткен ЖЭО-ны газға көшіруді ұсындым. Түсіну үшін айта кетейін, бізге ыстық су жеткізу, пәтерлерді жылыту және электр қуатын беру үшін күн сайын ЖЭО-да 100-ден астам вагон көмір жағылады. Қазір күл үйінділері күн сайын пайда болатын күл ағынына әлеуеті жетпейді, ал бұл күл үйінділерінің аумағы - ондаған, тіпті жүздеген футбол алаңдары ауданымен бірдей».

Eco-Talks қатысушылары қоқысқа екінші өмір беріп, одан өнер нысанын жасауды ұсынды. «Экология тақырыбының арқасында мен суретші-живописші және мүсінші болдым, қоқыс немесе басқаша айтқанда, шығармашылық үшін шашылып жатқан көптеген қызықты материалдар мені қызықтырды», - деді суретші-мүсінші Руслан АҚАНАЕВ, - Қоқыс, ол ойлаудан басталады, ал көшедегі қоқыс-қалдық бұл - біздің санамыз бен тәрбиеміздің салдары».

3-¦аTГTБ¦¬¦-¦- ¦Р¦¦¦-¦-¦-¦¦¦-.jpg

Қазақстандық дизайнер Құралай НҰРҚАДІЛОВА қала кеңістігін эстетика жағынан да, қоқысты пайдалануға ыңғайлы жағынан дұрыс жобалаудың маңыздылығына тоқталды.

Талқылаудың басталуына дейін ARTиШОК әртістері дайындаған интерактивті театрлық қойылым болды, ол көшеде қоқыс тастау проблемасының артында тұрған адамдардың портретін ашты, сонымен қатар олардың жиі келтіретін себептерін айтты.

 

Іс-шара StopMusorKZ жобасының әлеуметтік беттерінде қатар көрсетілді, тікелей эфирдің жазбасы сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=Ny2EGL4-2rI&feature=youtu.be



Ұқсас тақырыптар