Оффшордағы миллиардтар Қазақстанға қайтарыла ма?

Кеше Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелден Қазақстанға 600 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылғанын жеткізді.


offshore.jpg


Былтыр қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Заңды құжат күшіне енуден бұрын Бас прокурор Берік Асылов та алыс шетелдерден 400 млн доллар қайтарылғанын айтқан еді. Ерұлан Жамаубаевтың журналистерге берген жауабынан 2022 жылы кедендегі тексеріс нәтижесінде экономикалық операторлардан шамамен 50 млрд теңге өндіріп алынғаны да жария болды. Бірақ ол кедендегі «күмәнді схемаларға» экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен айналасындағы адамдардың қатысы бар ма деген сұраққа нақты жауап бере алмады.


«Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелеріне сәйкес, халық шешім шығару процесіне қатысуға тиіс және қоғамға сол бойынша барлық ақпарат берілуі керек. «Алайда іс жүзінде мемлекеттің ынтымақтастыққа ықыласы байқалмайды» деп мәлімдеген едіTransparency Kazakhstan қоры 19 сәуірде жариялаған сараптамасында.


Мәлімдеме авторлары Қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен құрылған «елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару» комиссиясының қоғамға есеп бермейтініне және елден активтерді қайтару процесі құпияланғанына назар аударады.


Комиссия туралы құжаттарды таратуға шектеу қойылғанын, «Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы» заң жобасы 31 наурызға дейін парламентке енгізілуге тиіс болса да әлі күнге дейін түспегенін алға тартады.


«Жер телімі сияқты ұсақ мүлікті қайтару – тұтас экономика масштабында едәуір жетістіктің көрінісі емес, себебі бұл жерде әңгіме тек Қазақстандағы жалпы ішкі өніммен салыстыруға келетін активтер жөнінде болуы керек» деген уәж айтады мәлімдеме авторлары.


Transparency Kazakhstan сарапшыларының пікірінше, активтерді қайтару туралы заң жобасы құпия талқылана берсе, онда олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында «тиісуге болмайтын» адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, бұған қоса, «заңмен құқығы мүлде шектелмеген» көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар