Украина дағдарысы. Аштық. ОА-дағы су дауы: Президент Тоқаев БҰҰ-да не деді?

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 78-ші сессиясындағы ортақ дебатқа қатысып, Қауіпсіздік кеңесін реформалау, қауіпсіздік және аштық проблемасы турасында өз ойын ортаға салды деп хабарлайды.

1695200245177977.jpg

Президент:«Бүгіндері азамзат баласы бұрын-соңды еш болмаған өзгерістер дәуіріне аяқ басып, кезекті геосаяси қарма-қарсылыққа тап келіп отыр. Мәселенің мәнісі БҰҰ Жарғысында көрініс тапқан халықаралық құқық принциптерінің күйреуге ұшырауы қауіп-қатерге етек алғызды.  Мығым іргетастың тас-талқанының шығуы халықаралық қатынастардың иығына ауыр жүк артып, қарама-қайшылықтарды туғызды. Ең басты халықаралық құқықтық құжаттарды керек етпеу, белінен бір-ақ басудың етек алуы бұрынғы мамыржай күнімізге зар қылып отыр», - деді.

Міне, осындай келеңсіздік экономиканың қозғаушы күші болып табылатын қалыптасқан сауда жүйесінің жұмысына көлеңке түсіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне өз зардабын тигізіп, инфляцияның қарқынын артырады.

«Қалыптасқан келеңсіз құбылыс адамдардың азап шегуін одан ары артырып, 108 млн адам амалсыздан басқа жаққа бас сауғалап, 1 млрд аса адам өлместің күйін кешуге мәжбүр болуда, 2 млрд адам қажаетті дәрі-дәрмектен мүлдем қағылып отырған жайы бар. Бұның бәрі айналып келгенде адамзат баласның жарқын болашаққа деген сеніміне кіреуке түсіретіні анық. Жаңа толқын өздеріне мұраға қалатын әлемінің тамаша болатындығына еш сенбейтін болды. Сондықтан Қазақстан БҰҰ жарғысының принциптерінің қалтықсыз сақталу керек дегенді мәлімдейді.  Осы арада бас қосқан лидерлер адамзат болашағының тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойына алғандар. Бірақ БҰҰ 80 жылдығы жақындап қалған шақта біз оның алғашқы ұйымдастырушылық құрылымына толықтай қайтып оралуға тиіспіз. Саяси мәселелерді күшке салып шешушіліктің аяғы тек қана тығырыққа ғана әкеп тірейді», - деп түйіндеді.

Президент қазақ елінің осы саладағы өз ой-тұжырымдарын кеңінен тарқата сөз етіе келе, ең әділетті амал бәрін ақылға салып шешіп, БҰҰ басты қағидаттары аясында жаңаша сипаттағы қағидаттарды басшылыққа алып, бәрін ой елегінен өткізіп барып, екі тарапты да разы ететін әділетті шешімдер қабылдауға қол жеткізуге шақырды.

Осы орайда мемлекет басшысы тарапынан ТМД әлеміндегі соғыс орйраны да тыс қаламады: «Қанша жерден барша күшімізді салсақ та, әлемнің көптеген аймақтарында орын алған конфликтілер тоқтаусыз жалғасып келеді. Біз барша тарапты БҰҰ Жарғысы және жұрттың бәрі таныған халықаралық құқық нормасы негізінде ортақ мәмілеге келуге шақырамыз. Осыған байланысты Қазақстан украин дағдырысын саяси реттеуге қатысты түрлі мемлекеттер мен жеке топтасқан елдер ұсынынған барша жоспарлар мен әрекеттерді жоғары бағалайды», - деді президентіміз.

Президент Тоқаев Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер мәселесіне де тоқталды.

«Біздің аймақтағы су тапшылығынан трансшекаралық өзендер бассейнінде күрделі экономикалық және басқа да мәселелер туындап отыр. Мұндай жағдай бүкіл әлемде байқалады. 2040 жылға қарай суға жаһандық сұраныс ұсыныстан 40 пайызға асып кетуі мүмкін. Сондықтан біз климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі шаралармен бірге осы бір маңызды жаһандық мәселені шешу үшін саяси күш-жігеріміз бен экономикалық ресурсымызды жұмылдыруымыз керек», - деді Тоқаев.

Халықаралық дауларды жуан жұдырық емес, дипломатия мен диалог қана шешеді деп өз сөзін түйіндеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар