Пашинян ОДКБ-ның түбіне жете ме, әлде Кремль Пашинянның түбіне жете ме?

Барша әлемдік БАҚ Әзебайжанның зор жеңісін паш етіп жарыса жазды. Ресейдің Осман империясы кезінен бергі ең сенімді одақтасы Армения өздерінің бұл жеңілісін әсте Ресейден көріп жатыр.

1695286329208247.jpg

Арменияның тарихи отаны бар болғаны Түркиядағы Ван көлі маңындағы тарихи аймақ қана. Мемлекеті жоқ армяндар Ресей империясы қарауындағы әзербайжандар арасында қысылыса орын тепкен шақта, Түркияда аштықтан қырылғандарын «түріктер өлтірді» деп, «армян қырғыны» деген жалған мифті христиан әлемі үшін ойлап тапты.

1695284926549792.jpg

(Дашнактар жасағы)

Бұл миф ең әуелі Батысқа емес, Ресей империясының құрсағынан жаңа шыққан коммунистерге майдай жақты. Олар: «Орталық Азиядағы «Басмашылар қозғалысын» басып-жаншып, жаңадан құрылған республикалардағы билікті бізге тартып әперсеңдер, Әзарбайжанның жерінен Республика құрып береміз», - деп уәде берді.

«Дашнак» партиясының Түрік әскерінде болып, І дүниежүзілік соғыста төселген, қолында қаруы бар армяндар жасағы әскер ісі мұрына да бармайтын 3 млн. қазақты, қырғызды, түркіменді, өзбек пен қарлұқты (сарттарды) қырып салып, орыстан азат шығысты қызыл шығысқа айналдырып берді. Және қыпшақ тілі тобына жататын өзбек тілін – этникалық ұйғырлардың қарлұқ диалектісімен алмастырды. Қызыл орыстар билікке келісімен ұлтаралық қатынас тілі болып болып келген қыпшақ-өзбек тілінде іс-қағаздарын толтыруға тыйым салды.

1695285108205792.jpg

(Бірінші Қарабақ соғысы)

Осылайша «Дашнак» партиясы Ленинмен жүргізген келіссөздер нәтижесіндегі уәде бойынша Әзербайжанның біраз бөлігіне ірге тепсе, Таулы Қарабаққа босқын армяндар араласа қоныс тепті.

КСРО тарайтын шақта шетелдегі «Дашнак» партиясы қайта бас көтеріп, әуелі қызылдардың, одан кейін Елциндік Ресейдің көмегімен Әзербажанның талай жерін өз бауырына басуы 2020 жылға дейін созылды. Тартып алынған жер – Арцах республикасы деп аталса да, оны не Армения, не Ресей мойындамады. Мойындап керегі не, Арцах республикасы мен Арменияның артында әлемдегі екінші армия Ресей тұр емес пе?

1695285485506660.jpg

(Екінші Қарабақ соғысы)

2020 жылғы жеңілістен кейін басты одақтасы Ресейдің Украинаға басқыншылығы орыс қаруының даңқының түкке тұрмайтындығын дәлелдеген шақта, Армения басқа бағыттарға қадам жасауға амалсыздың күнінен мәжбүр болды. 2020 жылғы жеңіліс кезінде Ресей бетінің беделін сатып, өзі құрған ҰҚШҰ мүшесі болып табылатын одақтасына қол ұшын беріп, 5 жыл мерзімге бітімгер қосынын енгізе білді. Осыған арқаланған жікшілдер сайлау өткізіп, мемлекет басшысын қайыра сайлау әрекетіне дейін барды.

Бұл бассыздық 19 қыркүйекке дейін созылды. Армян диаспорасының қысымымен Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл шақыруды талап етті. Осы ұлт өкілдерінің мысы басым АҚШ та осындай қадамға барды.

1695285564200558.jpg

(Әзербайжанның әскери операциясы)

АҚШ мемлекет хатшысы Энтони Блинкен Бакуге Таулы Қарабақтағы әскери іс-қималды дереу тоқтауды талап етті. Сол себепті де, Арменияда Ресейге деген қыжыл туындап, ҰҚШҰ болашағы бұлыңғыр бола бастады.

Бүгінгі Армения саяси басшылығы Қарабақ мәселесі бойынша Ресеймен саяси конфронтацияға кірді. Гаага соты үкім шығарып, Халықаралық сотта «қылмыскер» деп танылған Путинді тұтқындауға құзырет беретін «Рим статутын» ратификациялау жұмысы басталып кетті.

Одан бөлек, Арменияның ҰҚШҰ (ОДКБ) күштеріне де өкпесі қара қазандай. Биылғы бірлескен оқу-жаттығуға мүлде қатыспай қойды. Есесіне, АҚШ-пен бірігіп, әскери оқу-жаттығу өткізді.

Сөзсіз, бұл тенденцияларға қарап, Пашинян дәл осы ҰҚШҰ көрін қазушы адамға айналып келе жатқанын айтуымыз керек. Ал Қазақстанды Ресей ықпалынан шығарудың ең маңызды қадамдарының бірі – дәл осы ҰҚШҰ дейтін әскери одақтың ыдырауы екені даусыз.

1695286029307823.jpg

(Пашинянға қарсы митинг)

Тақырыпқа тұздық:

Бүгін Әзірбайжанның Евлах қаласында Қарабақ армяндары делегациясы мен Баку өкілдері арасында келіссөздер басталды. Қарабақтағы армян тұрғындарының өкілдерін Ресей бітімгершілік контингенті бастап барған.

Қыркүйектің 20-сы күні Қарабақтағы армян сепаратистерінің әскери құрылымы жеңілісті мойындады. Армения болса, Әзербайжанның әскери операциясы кезінде Қарабақты қорғамайтынын, Қарабақ Әзербайжандікі екенін ашық айтты.

1695286061843213.jpeg

Осыдан соң «Ана Армения» оппозициялық блогының жетекшісі Андраник Теванян азаматтарды жалпыұлттық ереуілге шақырып, Еревандағы Республика алаңында үлкен митинг ұйымдастырды. Республиканың орталық алаңындағы Армения үкіметінің ғимараты, Ресей елшілігі мен БҰҰ кеңсесі маңында наразылық білдірушілер, оның ішінде мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының тулары бар адамдар жиналды. Наразы халықтың Ереванда ереуілдетіп жатқанына, міне, екінші күн болды. Олар Пашинян үкіметінің отставкасын талап етуде. Сарапшылар, Пашинянға қарсы бұл наразылық акцияларының артында Кремльдің қол ізі тұруы мүмкін екенін айтады. Себебін жоғарыда айттық. Ресейге арқасын беріп, Батысқа бет бұрған Пашинянға Кремльдің де көңілі толмайтыны анық. Бұған қоса, Армения оппозициясы қазір Пашинянға импичмент жариялау процессін бастап кетті. Ал Пашинян өз кезегінде отставкаға кетпейтінін айтты.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар