АҚШ және араб елдері: Қатынас нашарлауда, Вашингтон алаңдауда

Ақ үйдің Таяу Шығыс бойынша үйлестірушісі Бретт Макгерк Израиль мен бірқатар араб елдеріне ресми, арнайы сапармен аттанды. Оның мақсаты ХАМАС қолындағы тұтқындарды босату үшін араб елдерінің арағайындылық жасауын сұрау және бірнеше жабық форматтағы кездесулер өткізу.


27 шокирующих фото арабо-израильского конфликта » BigPicture.ru

 

Газадағы соғыс қимылдары артқан сайын, АҚШ-тың алпауыт, азулы саясаткерлері Таяу Шығысқа бірнеше мәрте келді. Орталық барлау басқармасының басшысы, АҚШ президенті, АҚШ қорғаныс министрі, АҚШ МемХатшысы жасаған сапарлар Вашингтонның Израиль-ХАМАС соғысына қатты алаңдаушылық танытатынын білдіреді. АҚШ Израильді біржақты жақтау арқылы Таяу Шығыстағы өзге одақтастарымен саяси-экономикалық қатынасын нашарлатып алуы мүмкін деген де болжамдар айтылуда.

 

АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша үйлестірушісі Бретт Макгерк Израильге барып, артынша Сауд Арабиясы, Иордания мен Катарға сапар шегеді. Бұл туралы Axios басылымы жазды.

 

Батыстық сарапшылар Байден әкімшілігі Израиль-ХАМАС соғысының ауқымы артқанын қаламайтынын, қазіргі уақытта соғысты тоқтату үшін жабық форматта келіссөздер өткізіп жатқанын айтуда. Вашингтон Израильден күніне кемі бір мәрте гуманитарлық дәліздер ашуға, гуманитарлық жүк көліктерін кіргізуге және соғыстан кейін Газаны оккупацияламауға шақыруда.

 

The Washington Post араб елдерінің АҚШ-пен қарым-қатынасы Израильдің Газаға шабуылы үдеген сайын нашарлай түскенін жазуда. Араб елдерінің саясаткерлері АҚШ-ты ашық айыптауға көшсе, БАҚ Израильді қолдаған Вашингтонды да Газадағы қырғынға тікелей қатысты деген риториканы күшейткен.

 

Байден әкімшілігі Израиль премьері Нетаньяхудың «соғыстан кейін Газаны Израиль бақылауына алады» деген сөзіне түсінік беруін сұраған. Вашингтон Израильдің бұл позициясымен келіспеуде және Газаны не Палестина билігі, не араб елдерінің біріккен коалициясы басқаруы тиіс деп санайды.

 

«Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен саммит Вашингтонды алаңдатуда. Діни және саяси үстемдік үшін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағында үнемі бақталас саналып келген Түркия, Иран және Сауд Арабиясының басшыларының Газа мәселесі бойынша бір позицияда болуы және ортақ көзқарас шеңберінде қарым-қатынас жүргізу бағыттарын құра бастауы АҚШ-ты ойландыру. Вашингтон араб елдерімен қатынасын сақтау үшін, Израильмен бірқатар мәселеде келіспеушілігін күшейтті» дейді сарапшы Эдуард Джейнс.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар