Ресей тұзақта: Айналып келіп тапқаны – Қытайдың құрған қақпаны!

Ресей Украинаға басқыншылық жасау арқылы өзінің көрін өзі қазып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Бұлай айтуымызға себеп, түстіктегі көршіміз алғаш шабуылдап бастағаннан-ақ алға басқан аяғы кері кетіп, санкцияның астында қалды.

1700041291501436.jpg

Әлемдік нарықта бет-беделі бар ірі компаниялар мен инвесторлар ол елден кетіп, Ресей экономикалық қара құрдымға жұтылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Тіпті, нан піскен көкірегінің ыстық-суығы басылып, Қытайға тәуелді болудан да жүзі жанбай жатыр. Бұл ретте Кремльдің Шығысқа бет бұру идеясының технологиялық деградациядан туындағанын және мұның Қытайға «құлдыққа» түсу екенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.

Айтпақшы, бұл жердегі «құлдықтың» мәні мынада: Ресейдің қазіргі экономикасының Қытайға тәуелділік үдерісі біздің көз алдымызда зор қарқынмен өсуде. Мәселен 2021 жылы Қытай Ресей импортының 25 %-ын құраса, 2023 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша (қазір) 36 % (2022 жылдың соңына қарай - барлығы 42 %). Бұл көрсеткіш Қытайдың соншалықты дәрежеле өскенін білдірмейді, батыстық импорттаушылар Ресей нарығынан кетіп, Қытайдың салыстырмалы үлесін арттырды.

Bloomberg мәліметінше, 2023 жылдың қазан айында Ресей мұнайының теңіз арқылы жеткізілімінің 31,5 %-ы Қытайға кеткен, ал егер оған құбыр арқылы жеткізілім қосылса, бұл көрсеткіш шикі мұнай экспортының 37 %-ына дейін көтеріледі.

Қытайдың кеден деректеріне сәйкес, Ресей Қытайдан «Машиналар, жабдықтар және механизмдер» санатындағы тауарларды ең көп сатып алады (37 %).

Өздеріңізге аян, Батыс елдерінің компаниялары басқыншылар елінен кеткен соң қытай көліктері Ресейдің бос нарығын басып алды. Көлік құралдарын жеткізу күрт өсті (ақшалай есептегенде үш миллиард доллардан 16,4 миллиардқа дейін):

Осылайша, Ресей Қытайға негізінен энергетикалық шикізатты жеткізе отырып, одан едәуір құнды өнімдерді сатып алады. Бұл тараптардың бір-біріне қаншалықты мұқтаж екенін көрсетеді. 2023 жылдың алты айының қорытындысы бойынша, Қытайдың үлесіне Ресейдің барлық экспортының 30%-ы және импортының 36%-ы тиесілі, бірақ Қытай импортындағы Ресейдің үлесі небәрі 5%, экспортта 3,2% құрайды.

Сонымен қатар, Қытай нарығына ресейлік жеткізілімдерді басқа елдердің тауарларымен оңай ауыстыруға болады, бірақ Қытай тауарларының орнын Ресейде табу мүмкін емес. Сонда бұл стратегиялық тәуелділік емес пе?

Жоғары технологиялық тауарлар нарығындағы орын үшін Ресей әлемдік көшбасшы елдерімен емес, Азияның дамушы экономикаларымен бәсекелеседі. Бірақ олардың Батыс технологиялары мен жабдықтарына қол жеткізуі санкцияланған Ресейден айырмашылығы жоқ, бұл ресейлік технологиялық тауарларды бәсекеге қабілеттіліктен айырады.

Қорытындыласақ, Ресей Батыспен экономикалық және технологиялық байланысқа және оған тәуелділікті жойғысы келеді, алайда айналып келіп тапқаны – Қытайдың құрған қақпаны.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар