МАГАТЭ: Жақында Иранда үш атом бомбасы болмақ...

Иран мен Батыс арасындағы геосаяси қақтығыстың бір тақырыбы – Иранның ядролық бағдарламасы. Батыс «Иран бейбіт атомды игеру деген желеумен ядролық қару жасап, уранды шектен тыс байытуда» деп санайды. Тегеран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.


Иран может сделать ядерное оружие за пару лет. Но непонятно, хочет ли - BBC  News Русская служба


Reuters агенттігі МАГАТЭ-ның баяндамасына сүйене отырып, қазіргі таңда Иранда 60 пайыздан жоғары негізде байытылған128 келі уран барын жазды. Сарапшылар алдағы уақытта бұл көлемдегі уранды тағы байыта түсу, Иранға үш атом бомбасын жасауға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

 

«Теория бойынша бір атом бомбасын жасауға 42 келі байытылған уран жеткілікті. Ол үшін уранды 90 пайызға дейін байыту қажет. Қазіргі сәтте Иранда 128 келі 60 пайызға дейін байытылған уран бар, оны ары қарай байыта түсу қиынға соқпайды. Бұл сәттегі шешім технологиялық емес, саяси шешімге байланысты», - дейді МАГАТЭ мамандары.  

 

Қазіргі уақытта Иран атом қаруын жасамаған, алайда бейбіт атомды 60 пайызға дейін байытқан әлемдегі жалғыз ел саналады. МАГАТЭ-нің баяндамасында Иран ай сайын 60 пайызға дейін 3 келі уран байытып жатқанын айтты. 2023 жылы Тегеран бар болғаны 9 келі уран байытқан. Бұл Тегеран мен Вашингтон арасындағы тұтқын алмасу келіссөзі және Еуропа мен Иран арасындағы ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізуді қайта бастаумен тікелей байланысты-мыс.

 

Иран 2015 жылы «алтылықпен» (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания,Германия, Франция) келісім жасасты. Келісім аясында аталған алтылық Иранға салынған санкцияны азайта түседі, ал Иран ядролық бағдарламасын тоқтатуы тиіс болды. Алайда 2018 жылы АҚШ басшысы Трамп аталған келісімнен шықты, жауап ретінде Тегеран өз мойнына алған міндеттерді орындаудан бас тартты.

 

Соңғы жылдары Иран мен МАГАТЭ арасындағы келіспеушілік артты. МАГАТЭ Иранның өзге, тіркелмеген ядролық нысандарында уранды байыту әрекеттері бар екенін айтуда. Ал Иран МАГАТЭ сарапшыларын ядролық нысандарды тексеруге кіргізбей отыр. Сарапшылар Израиль мен ХАМАС қақтығысы аяқталған сәтте, Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Израиль мен Иран қақтығысы болуы мүмкіндігін болжауда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар