Әлемнің назары Газада: Башар Асад шабуылға шықты

Сирия президенті Башар Асадтың әскері мен Ресей әуе күштері бірлесе отырып оппозициялық күштерге қарсы ауқымды әскери операция бастады. Асад «оппозицияның соңғы иелігіндегі аймақтарды көтерілісшілерден азат етемін» деп мәлімдеді.


Что произошло с Сирией за десять лет войны — РБК

 

5-қазан күні Сирияның Хомс қаласындағы әскери академияның шәкірттерін марапаттау кешінде соққы жасаушы дрондар шабуыл жасап, ондаған адам қаза тапты. Бұл ақпарат Таяу Шығыстағы ең талқыланған ақпараттың бірі болды, алайда 7-қазанда Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталып, Сириядағы қырғын ұмыт болды. Сәйкесінше сириялық оппозиция күштері де шабуылдың медиалық эффектін көре алмады дейді сарапшылар.

 

Хомстағы әскери академияға шабуыл барысында ақпарат бойынша 80-120 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланған. Олардың ішінде академия шәкірттері де, Дамашықтан марапаттау кешіне келген саяси қайраткерлер де, ірі әскери шенді офицерлер де болған. Шабуылды сириялық оппозиция Асад әскерінің бақылауындағы аймақтан іске асырғаны анықталды. Себебі оппозицияның бақылауындағы аймақтан шабуыл жасалған әскери академия жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан еді.

 

Сирия қалаларында Асад режиміне қарсы 2023 жылдың жазында бірнеше ірі акция өтті. Асад қарсылық акцияларын қатаң басып тастауды қажет деп санамады. Алайда Тегеран мен Дамашық акциялар ауқымы ұлғайса, Иранның әскери күшіне арқа сүйейтінін талқылады. Асад наразылықтар өздігінен басылады деп ойлады. Уақыт өте келе акцияға шыққан бірнеше адамды тұтқындау әрекеті болды, кейін наразылық акцияларының қарқыны азайып, басылды. Сирия билігі үшін жаздағы наразылық акцияларын басуда қатаңдық танытпау маңызды еді. Себебі Сирия араға он жылдан астам уақыт салып, Араб елдерінің лигасына оралды. Батыс елдерінің бірқатары Сирияға азық-түлік саласын дамытуға инвестиция құюға дайын екенін айтты. Осындай сәтте наразылық акцияларын қатаң басу Башардың барлық жоспарын тас-талқан етуі ықтимал еді. Сол себепті Асад әлемдік БАҚ-тың назарына «қатаң диктатор» деген атаумен шығудан қашқақтады. Асад о баста 5-қазан күнгі оппозиция күштерінің шабуылына жойқын жауап беруді кейінге қалдырды. Алайда Израиль-ХАМАС соғысы әлемдік БАҚ назарын басқа аймаққа аударған сәтте, Башар Асад «оппозиция күштеріне жойқын соққы берудің сәті туды» деп санады.

 

Асад әскері қазан айының ортасынан бастап Идлибтегі оппозиция күштеріне ресми түрде ондаған соққы жасап, 194 әскери нысанын жойған. Ұлыбританиядағы орналасқан Сириядағы соғысты зерттейтін комиссияның басшысы Серджио Пинейро  2019 жылдан бері Асад әскері оппозицияға дәл қазіргідей жойқын соққы жасамағанын айтуда. БҰҰ қазан айында Сирия әскері мен оппозиция арасындағы қақтығыстардың салдарынан 120 мың адам ішкі босқынға айналғанын мәлімдеді. Ресейдің әуе күштері Асадтың әскери операциясын қолдап, оппозицияға әуеден соққы жасау санын арттырған.

 

Сарапшылар Асад ХАМАС пен Израиль соғысын пайдаланып, ауқымды шабуылдар арқылы Идлибті қайтаруды ойластыруда деген ойда. Асад әскері Алеппоны алған тактиканы қолданып, Идлибті күні-түні бомбалауды күшейткен. Алайда 2016 жылы Алеппоны алған кезеңмен қазіргі Асад әскерінің жағдайын салыстыру қиын дейді мамандар. 12 жылға созылған соғыстан Сирия әскері психологиялық тұрғыдан қалжыраған, әскери техника ескірген, жаңасын алу мүмкіндігі аз, құрлық әскери операцияларын жоспарлауда жалдамалы әскери компаниялар көмегі азайған. Мысалы "Вагнер" жендеттері Алеппоны алуда айтарлықтай рөл ойнаса, бүгінде олар Сириядан шығып кетті. "Асадта ХАМАС пен Израиль соғысы аяқталғанша уақыт бар, артынша бейберекет бомбалау мүмкіндігі болмайды" дейді әскери сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар