"Ауыл аманаты" бағдарламасы: Экономиканың жаңа драйверін іске қосу тетігі

Қазақстан халқының 38 пайызы ауылда тұрақтаған. Қазақ халқы үшін ауыл қасиетті мекен саналады. «Ауыл - қазақылықтың қаймағы бұзылмаған мекен» деген сөз содан шыққан. Алайда философиялық ойдан бөлек, ауыл халқының потенциалын, ауылдың потенциалын пайдалану, оны экономикалық активке айналдыру және елдегі урбанизация процесін реттеу ауылға тікелей байланысты. Мемлекеттің ауылды дамытуға қатысты жобаларының іске асырылуына да бұл мәселелер реттеліп отырмақ.


На программу «Ауыл аманаты» направлено 100 млрд тенге в 2023 году

 

Елімізде 6300-ге жуық ауыл бар. Бірінде халық саны жүзе жетпесе, енді біріндегі халық саны елу мыңнан асып жығылады. Ауыл халқының ауылды тұрақтап, ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндігіне ие болуы мемлекет үшін маңызды. Ол ауыл халқының жүйесіз қалаға көшуін, қаладағы жұмыс және баспаса тапшылығын тоқтата алатын еді. Ол үшін ауыл халқының кәсіп ашуына, қожалығын дамытуына жағдай жасалып, арнайы бағдарламалар арқылы мүмкіндік берілуі қажет. Мемлекет осы мақсатты реттеу үшін «Ауыл аманаты» атты бағдарлама қабылдады.

 

Бағдарламаның басты мақсаты ауылдық аймақтағы тұрғындарға арзан ttпайызбен несие беру, шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер ашу болып саналады. Несие жұмыссыздарға, зейнетке шығып үлгермей жұмыстан қысқартылғандарға, тауар шығаруды өз бетімен ұйымдастыра білгендерге, отбасылық қаржы төленбейтін кәсіпті ұйымдастыра алғандарға, отбасылық кәсіп ретінде азық-түлік өндіріп, оны сатуды ұйымдастыру тізбегін құра білгендерге, жеке кәсіпкерлікті енді бастаған азаматтарға және қожалықтарға және тағы басқа категориядағы жандарға беріледі. Микронесиелер 5 жылға беріледі, ал мау шаруашылығы саласындағы жандарға 7 жылға беріледі.

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінген еді. Аталмыш қаржы аясында 17 мың шағын несие беру жоспары орындалды. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді және мыңдаған ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз етілуіне, өз кәсіптерін дамыту мүмкіндігін алуына жағдай жасады. Барлық бөлінген қаражат қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыс әкімдіктеріне беріліп, игерілді. Айта кетейік, қаражат ауыл шаруашылығы, қаржы министрліктері және облыс әкімдіктері арасында жасалған үш жақты несиелік келісімге сәйкес аударылып келеді.

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасын 2024 жылы іске асыру үшін 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде 2024 жылы көзделген қаражат – 100 млрд теңгені құрайды. Ал 2025 жылы – 50 млрд теңге болса, 2026 жылы – 50 млрд теңгені құрайды.

 

Бағдарламаны іске асыру тетігін жетілдіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиелеудің негізгі шарттары мен тәртібін реттейтін қағидалардың жобасын әзірлеп, аяқтады. Жалпы алғанда, негізгі шарттар күшіне енгенімен бірдей болып қалады, бірақ бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, бағдарламаға қатысушылардың нақты тізімі анықталды.

 

Екіншіден, әрбір ауылдық округке несие берудің басым бағыттарын анықтау талаптары бар. Бұл ретте, мал шаруашылығы саласында бағдарламаға бөлінген қаражаттың 50 пайызынан аспайтын лимит белгіленді. Әр ауылдық округтың ауыл шаруашылығының дамуы табиғат жағдайына, географиясына байланысты әр түрлі болып келеді. Кей ауылдық аймақ балық шаруашылығымен, енді бірі егін шаруашылығымен айналысса, басқа бірі омарта арқылы бал шаруашылығымен, тағы бірі бау-бақша өнімдерін өсірумен, көкөніс сатумен, тері жинаумен, құс шаруашылығымен, күріш егумен, мақта өсірумен және басқамен айналысады. Осыған байланысты әр ауылдық округтің айналысатын икемділігіне қарай да басым бағыттар анықталып, берілуде.

 

Үшіншіден, жобаларды таңдаудың негізгі критерийлері анықталды. Бұл шара шағын несиелеу жобаларын сапалы іріктеуге мүмкіндік береді, бұл қаражаттың қайтарымдылығын арттырады. Бұрын берілетін несиелерді жобаның өзін ақтауына қарамай беретін сәттер де кездессе, ендігі таңда оған бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл бөлінген қаражатты ақтау үшін де, қаражатты несиеге алған кәсіпкердің табысқа шығуы үшін де маңызды. Сол себепті де жаңа критерийлер енгізіліп отыр.

 

«Ауыл аманаты» жобасы ауылдарды сақтап қалу ғана емес, сонымен бірге оны мықты экономикалық драйверге айналдыру міндеттерін де іске асырады. Жобаның саяси міндеттері де жоқ емес. Ол ауыл халқының үздіксіз. Жүйесіз негізде қалаға шоғырлануын тежеуіж міндетін де атқарады. Өйткені мемлекет қалада жұмыс орындарын, баспанамен қамтамасыз етуді жылдам қарқында іске асыра алмайды, сәйкесінше жүйесіз, ретсіз урбанизация қала мен мемлекет үшін үнемі сын-қатерге толы. «Ауыл аманаты» жобасының аясында ауыл шаруашылық саласын дамыту міндеттері де алға қойылды. Әлем бойынша тоғызыншы орынды иемденетін Қазақстан ауылды дамытуға, сол арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға мүдделі. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру және мұнай мен газға тәуелді болудан ақырындап алшақтау саясатымен де сәйкес келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығы бар болғаны экономикамызда 5 пайыздық үлеске ие, бұл өте аз көрсеткіш саналады. Міне, осы көрсеткішті арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар қабылдануда, соның бірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы бболып саналады.

 

Ауылды дамыту, халыққа жұмыс беру, кәсіпкерлікті өркендету, экономикаға үлес қосу міндеттерін қатар алған жобаның дамуы мен барысы екі жылда жақсы көрсеткіштермен сипатталуда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы қазақылық қаймағы бұзылмаған ауыл халқының әлеуметтік жағдайына да оң әсер етуде.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар