Экономикалық дәрменсіздік Арменияны Ресей құшағына қайтара ма?

Соңғы жылдары Арменияның сыртқы саясаттағы, әсіресе қауіпсіздік пен қорғаныс салаларындағы баламалы интеграциялық саясаты Ереван мен Мәскеу арасында айтарлықтай қызу саяси полемика тудырған еді. Никол Пшаинян бастаған биліктегі топ ҰҚШҰ (ОДКБ) құрамынан шығатынын және енді қайтып ол бірлестікке оралмайтынын ашық айтты. 

1721222137104508.jpg

(Сурет: mediamax.am)

Тіпті, Армения мен АҚШ, Армения мен ЕО елдері арасында әскери әріптестікті жандандырып, күш берді. Екірада қару-жарақ сатып алу, бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу секілді қадамдар ашық жасалды. Сәйкесінше, Мәскеу тарапынан қоқан-лоқы, доқ көрсеткен мазмұндағы сөзтартыстар үдей түсті. 

Осыдан соң Ереван бастаған Арменияның ірілі-ұсақты аймақтарында ресейлік интеграцияның жақтаушылары бас көтере бастады. Жергілікті БАҚ беттерінде Мәскеулік бағытты қолдайтын саясатшылар қаптай бастады. Сондай мазмұндағы саясатшылардың риторикаларын Mezgil.kz оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн көрдік. Ресеймен Армения интеграциясын жақтаушылар не дейді? Қараңыз: 


Ресейлік БАҚ: «Пашинян күзде «Ресей құшағына» қайта құлайтын болады», - деп жарыса жазуда. «Егер «Тавуш Отан үшін» наразылық қозғалысы болмаса, Армениядағы ішкі саяси өмір «зиратқа айналар еді», - деп жазады 15 шілдеде «Грапарак» газеті. Газеттің жазуынша, «Пашинян өз партиясының басшылық құрамын парламентте кезектен тыс сайлау болмайды. Ал 2026 жылғы сайлау алдында үгіт-насихат жұмыстарын бастауға әлі ерте», - деп нандырды.

«Айтпақшы, Пашинян жақында шағын құрамда, күзде сыртқы саяси майданда күтпеген үдерістер болатынын мәлімдеді. Ол Еуроодақ Арменияны қабылдамады, оны тиісті дәрежеде қаржыландырмады, бұл бағытта қадам жасамады және қауіпсіздікке жеткілікті кепілдік бермеді деп, «Ресей Ананың» құшағына «адасқан ұл» ретінде оралуға ниетті деген сыбыс бар», - делінген басылымда.

ПАШИНЯН ЛУКАШЕНКО СЕКІЛДІ ЕКІЖАҚТЫ ОЙЫН ОЙНАЙ АЛА МА?

«ЕАDaily» хабарлағандай, Еревандағы сарапшылар бұған дейін Арменияның батыстық «кураторларында» күрделі ішкі саяси проблемалар туындаған кезде премьер-министр Никол Пашинян қазіргі уақытта өзінің саяси ұстанымын сақтап қалу үшін Ресей басшылығымен ауыз бірлікті қалпына келтіруге тырысуда деп болжаған болатын.

Батыс Арменияға ешқандай кепілдік бермей, бірақ Ресеймен байланыстарды үзуге итермелейтін жағдайда Ереванға барынша прагматизм көрсету керек. Бұл туралы «Альтернатива» талдау орталығының директоры экономист Татул Манасерян айтты.

Сарапшы Еуразиялық экономикалық одақ Армения үшін жалғыз тиімді интеграциялық құрылым болып қала беретінін еске жиі салды. Әрине, Арменияға экономикалық байланыстарды әртараптандыру ешқашан кедергі келтірмейді. Бірақ бұл әртараптандыру жалғыз тиімді өңірлік кеңістіктен шығуға алып келмеуі тиіс. Манасерян Армения ЕО елдеріне негізінен шикізат экспорттайтынын, ал Арменияға керекті өнеркәсіптік өнім өз еліне өте аз көлемде жеткізілетінін еске салады.

АРМЕНИЯ РЕСЕЙДІҢ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАСТЫ ДЕЛДАЛДАРЫНЫҢ БІРІ!

Бұл дайын өнім негізінен ЕАЭО елдерінің нарықтарына, бірінші кезекте - РФ нарығына жіберіледі.

«Ұжымдық Батыс Ресейге қарсы санкциялар қолдана отырып, онымен сауданы жалғастыруда. АҚШ бүгінде Ресеймен сауда жасап, уран мен титан сатып алады. Елдер қатаң конфронтацияда болғанымен өзара сауда-саттығы еш тоқтаған емес. Тағы бір мысал - Ұлыбритания мұнайды Ресейден сатып алады. Бұл парадокс, бірақ бұл факт», - деп атап өтті Манасерян.

Бұл тұрғыдан алып қарағанда экономикалық арықтықтан битін сыққан Арменияға қандай да бір шектен шығып, өзінің сыртқы және экономикалық саясатын поляризациялаудың қажеті жоқ.

Прагматизмнің көрнекі мысалы - Грузия. Себебі баршаға белгілі, Ресеймен болған барлық проблемаларға қарамастан, бұл ел үлкен көршімен экономикалық байланыстардың қаншалықты маңызды екенін түсініп, заманына қарай түлкі болып, құбылып отырған жайы бар.

«Батыс Арменияны түбегейлі қадамдарға итермелей отырып, әскери, экономикалық немесе энергетикалық болсын, қауіпсіздікке ешқандай кепілдік бермейді. Біздің проблемаларымызбен Еуроодақта бізді құшақ жайып қарсы алмайды. Біз олар үшін аяқ астынан тап болған бас ауыртпалығына айналамыз. Тіпті олар бізге қарағанда аралас-құраластығы бір көйлекті бұрын тоздырған Грузияны да күтпейді. ЕО-ның өз проблемалары да өте көп - Грекиядағы экономикалық дағдарыс, көші-қон, әлеуметтік мәселелер», - деп қосты Манасерян.

Кез келген шешім мен әрекет жекелеген тұлғалардың «тілектерімен» емес, Арменияның ұлттық мүдделерімен пайымдалып һәм ұғындырылуға тиіс.

Айта кетейік, 2023 жылы Арменияның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға өсіп, $7,8 млрд. құрады. Бұл ретте экспорт 40,8%-ға, ал импорт 37%-ға ұлғайды.

Бұған дейін Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров мәлімдегендей, Одаққа мүше елдер арасында пропорционалды қатынаста Армения ЕАЭО-дан ең көп пайда алады. Оның айтуынша, Армения экономикасының 35%-ы Одаққа қатысу есебінен «жүзеге асырылады». Ал өткен жылы Арменияның жалпы тауар айналымы $20 млрд құрады, оның 37%-ы ЕАЭО, 13%-ы ЕО және 3%-ы АҚШ-қа тиесілі.

Экономикалық дәрменсіздік Арменияны қайыра Ресейге оралтатына ешкім де шек келтірмейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар