«Құзырeттiлiк - шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыруғa бaғыттaлғaн бiлiм нeгiздeрiнiң бiрi»
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»
К.Д.Ушинский.
Таң ата жұмысына қуана барып, кеш бата үйіне қуанышпен оралатын адам ең бақытты адам. Біздің өмірімізде кәсіби қызметтің қандай орын алатындығын айтқанның өзі артығырақ болар. Онда абзалдықтың бастауы жатыр. Кәсіби қызмет өзіңнің жан – жақтылығыңды көрсетудің, өзіңді дамытудың үлкен мүмкіндігі, ол қарым – қатынастың кең ауқымын береді.
Соңғы жылдары біздің елімізде білім беруді дамытудың ең ауқымды мәселелерінің бірі ол педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру болып табылып отыр. Нарықтың экономиканың шарттарына сәйкес еңбек қызметінің барлық саласының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар артып отырғанын ескерсек бұл қалыпты жағдай. Педагогтың кәсібилігінің деңгейі мен оның шығармашылығының бірегей «Менін» қалай және не арқылы анықтауға болады? Тек үнемі өзін – өзі дамыту арқылы ғана ол заман және кәсіп талабына сәйкес келе алады, тіпті асып түсуі де мүмкін. Ерте қытай ойшылы Конфуций (551-479) «Кім ескіге қарап, жаңаны аша алатындай болса, ол оқытушы болуға лайық» деген екен.
Кәсібилікпен жеке тұлғаның дамып, кемелденуіне жетудің түрлі жолдары болуы мүмкін. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудың жолдары жеткілікті. Бірақ оларды тізбектеп айта беру үшін аз уақытын кетпейді және бұлардың барлығының жүйелілігі болады ма? Сондықтан да мен ең әуелі кәсіби іс – әрекеттерде жақсы әрі сапалы нәтиже берген, кейбіреулеріне ғана тоқталып өтейін.
Мұғалімге өзін шығармашыл, рухтанған, жігерленген жеке тұлға ретінде сезіне білу өте қажет қасиет. Бұл қасиетсіз мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі әдісі өзін жоғары бағалауы, белсенді кәсіби қозғалысын, ішкі жан дүниесінің тыныштығын, шығармашылдық мүмкіндігін сақтап қалуы мүмкін емес. Ішкі жан – дүниесінің оянуы педагог үшін де, педагогикалық үдеріс кезіндегі қойылған мақсаттарының әсерлі орындалуы үшін де, білім беруде, тәрбиелеуде, оқушының дамуында туындайтын мәселелерді шешуі үшін де өте қажетті жағдай.
Тұлғаның кәсіби өсуінде маңызды орын алатыны оның педагогикалық – психологиялық құзыреттілігі. Бұл барлық адамға қаншалықты тән болса, соншалықты белгілі бір тәжірибе алаңындағы негізгі маман үшін де соншалықты қажет. Мұғалімнің рухани өсуінің бастауы оның құнды бағдар жасай білуі болып табылады. Не нәрсеге ұмтылатындығы, қызығушылы мен қажеттілігі қаншалықты екенін білу арқылы тұлғаның мақсатқа жетуінің көріністерін байқап көруге болады.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңыздыларының бірі болып олардың барлығы үшін гуманистік психология болып табылады. Гуманистік психологияның басты қағидасының бірі ол баланы қандай болса да сол күйінде қабылдау, оған жағымды қарым – қатынас жасай білудегі шексіз, керемет махаббат. Бала өзін жақсы көретінін, оны қандай да бір келеңсіз іс – әрекеттері үшін жек көріп кетпей қабылдай алатынын білуі және ұғынуы тиіс. Ол тек сол жағдайда ғана өз – өзіне сенімді болады және жақсы жаққа қарай дамуға талпынады. Ал басқаша жағдайда ол кері бағытта тәрбиеленіп кетеді. Гуманистік мұғалім басқалардың жан дүниесін түсіне, сезіне білуге және түсінгендігін жеткізе білуге, оқушылармен қарым-қатынас барысында тек қана шынайы болуға, олармен бірігіп жұмыс жасау барысында барынша ашық болуға, өзінің бар болмысын көрсете білуге қабілетті болуы тиіс. Гуманист – мұғалімнің бұл қасиеттері оқушының дамуы жолындағы көмек беруінде дұрыс педагогикалық қалыпта болуына көмек береді. Гуманистік психологияның құндылығы болып біріншіден оқушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу, тұлғаның оқу мен қарым-қатынасын дамыту барысында дұрыс бағдар беру; екіншіден, оқушымен қарым-қатынаста болудың жаңа әдістерімен түрін, құралдарын іздеу.
Мұғалімнің қарым-қатынастағы кәсіби құзыреттілігі баланың жеке басының дамуына орасан зор әсерін тигізеді. Мұғалім үнемі оқушының талап еткен қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпараттар бастамасы болуы тиіс. Мұғалім тарапынан ақпарат игеруде қойылатын талап оқушының үлгерімімен анықталмауы тиіс. Нақты ақпаратқа деген қызығушылық оятудың маңызы өте зор. Сол мақсатта оқушы бойында өзіндік білім игере алу мен оны қабылдай алу қабілетін қалыптастыру қажет. Неміс педагогы А.Дистервег (1790-1866): «Нашар мұғалім шындықты айтып, жеткізіп береді, ал жақсы мұғалім оны өзі іздеп табуына көмектеседі» - деп жазып кеткен екен. Осыған байланысты оқушы танымының әр түрлі уәждемесіне қарай мұғалімнің бағыт-бағдар беруінің қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білім беруінің құрылымына қойылатын талаптар көп жоспарлы және ол қоғамның сұранысымен анықталады.
Педагогпен оқушының арасындағы қарым – қатынас екпіні өзгеріске еніп, алға басушылықтар болып келеді. Заманауи оқушылардың арасында танымал және табысты болып тұрғаны өз ойын еркін айта алатындығымен, оқушылармен тіл табыса алатындығымен, ашықтығымен, белсенділігімен, зерделілігімен, нақтылығымен, жол тауып кете алатын жылдамдығымен көзге түсетін мұғалімдер. Осы қасиеттердің жиынтығы жеке тұлғаның әмбебаптығын анықтайды
в) Педагогтың мәдени құрылымының қалыптасуы оның жеке тұлға ретінде де, жалпы педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастыру ретінде де орны ерекше. Өтпелі емес, мәңгі сақталатын, педагогтың жалпы мәдениетінің негізін қалайтын мәдени құндылықтар бар. Мәдениеттілік қарым – қатынас барысында айқын көрінеді. Мысалы: басқа адамдармен қарым – қатынасы барысында, өз – өзіне деген қарым – қатынаста, өзіндік жеке мүлкіне деген қарым – қатынаста. Бұл қарым – қатынастардың әрбірінде жеке тұлғаны өз – өзіне тартатын немесе кері итеретін қажеттіліктер жатыр.
Педагогикалық қарым – қатынас үдерісінде жақсы тіл табысып кету мен күрмелген мәселелерден шығып кетуге апаратын мәдени диалог құра білуді үйренудің маңызы зор. Мұғалімнің мәдениеті арқылы оның кәсіби сапасы мен жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады. Ол өмір сүру барысының кез – келген тұсынан айқын көрініп тұрады. Педагог мәдениеті жалпы мұғалім мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
Білім беру жүйесінде оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігінің маңызы ерекше. Бұл құзыреттілік оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады.
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.
Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі болып табылады. Ол тек қана сабақ беру үдерісінде ғана көрінеді. Яғни, сабақты жоспарлау, сабақ уақытын пайдаланып және реттей білу, оқушының топтағы нәтижелі жұмыс істуін ұйымдастыру, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу, оқушылардың мүмкіндкітеріне сәйкес жұмысты саралау қабілеттері арқылы көрініс береді. Сабақты жүргізу үшін үнемі ізденіс үстінде болады. Шығармашылдық жұмыстармен жұмыс жасауды күшейту барысында мұғалімнің өзінің мамандығына деген қызығушылығы арта түседі, өзіндік ойға ие болады және орташа жылдамдық жинайды. Бұндай мұғалім болашаққа сеніммен жұмыс жасайды; ол аяқ астынан туындаған педагогикалық тапсырмаларға есеңгіреп қалмайды, олардың бағасы мен орнын біледі.
Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі. Мұғалім – зерттеуші. Кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейі қазіргі ЖБББ бойынша оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау, оқушылардың жеке ұмыс істеуін бағалау критерийлерін дайындау, оқушының білімін білімін бағалаудағы жан-жақты дәлелдер арқылы нақтылау, оқушының уәжін бағалау арқылы арттыру, оқушының оқудағы кемшіліктерінің себептерін зерттей білу сияқты қабілеттері арқылы, мұғалім өзінің бағалау мен талдау құзыреттілігін көрсете алады. «Білу керектің барлығын үйретуге болмайды және мүмкін емес. Мұғалім тек қана бір нәрсені – бағыт - бағдыр беріп, жол көрсетуді жасай алады » - деп айтып кеткен екен. Осы бағыт-бағдарды беру үшін оқушының сабаққа қатысу барысындағы әрекетін, тапсырманы орындау шеберлігін жүйелі бағалау, талдау жүргізе отырып нәтижелі жасауға болады.
ТҮЙІН
«Құзырeттiлiк - шығaрмaшыл тұлғa қaлыптaстыруғa бaғыттaлғaн бiлiм нeгiздeрiнiң бiрi» тaқырыбындa коучинг өткiзу aрқылы тaныстырып, коучинг бaрысындa жaңa формaттaғы құзырeттiлiктiң критeрийлeрiн aжырaтуды жәнe қaншaлықты сол тaлaпқa сaй кeлeтiндeрiн бaғaлaуды тaлқылaп, кәсiби сұхбaт жүргiздiк. Ұстaздaр қaзiр көп iздeнeдi, сaуaлнaмa бaрысындa aнықтaғaным, мeктeпкe осы бaғдaрлaмa кeлгeлi құзырeттiлiккe қойылaтын 5 тaлaпқa ұстaздaр бiртiндeп кeлe жaтыр, әлi дe болсa жылдaмдaту шaрт, сeбeбi, бiз eмeс мeктeпкe кeлгeн бaлaлaрдa AКТ құзырeттiлiгi бaсым болaды, жәнe дe мeнiң бaйқaғaным «сaбaқ бaрысын бaсқaру құзырeттiлiгi», iшiн-aрa «оқу үдeрiсiн бaғaлaу мeн тaлдaу құзырeттiлiгi» дe оқушылaрдың бойынaн осы топтық, диaлогтық оқыту, формaтивтi бaғaлaу сияқты жaңa әдiс-тәсiлдeрдi қолдaнғaн сaбaқтaрдaн aйқын көрiнiс бeрeдi. Сол сeбeптeн дe мeн үнeмi сaбaқ тaлдaу, кeрi бaйлaныс бeру, рeфлeксия жүргiзу, пeдкeңeс, кәсiптiк жиындaрдa үнeмi әрiптeстeрдi құзырeттiлiктiң нaқты 5 тaлaбының A дeңгeйiнe ұмтылуымыз кeрeк дeгeн ұрaнмeн бaстaймын, мұғaлiмдeрдiң өздeрi дe қaндaй дa бiр iс-шaрaлaрынa өзiндiк тaлдaу жүргiзгeндe құзырeттiлiктiң қaндaй бaғытын пaйдaлaнa бiлдiңiз дeгeн сaуaлдaрғa сындaрлы ойлaр aйтуын тaлaп eтiп отырдым. Кәсiби сұхбaт жүргiзгeнде «Құзырeттiлiктi дaмытуғa нe кeдeргi жaсaйды?, Қaндaй көмeктeр қaжeт?, Сiздe құзырeттiлiктiң қaйсысы бaсым?, Кiмгe көмeк бeрe aлaсыз?» дeгeн сaуaлдaрды қою aрқылы ұжымымның кәсiби құзырeттiлiктeрiн aрттыруғa турa жол aштым дeп ойлaймын. Әринe нәтижe күткeнiмдeй болды.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс-тәжірибелерді шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыретгілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты. Оқушы үшін мұғалімнің оларға болашаққа сеніммен қарауына, олардың келешігінің жағымды жақтарын қалыптастыруына, дүниеге сеніммен шаттана қарауына үміт беруі, сенім білдіруі өте маңызды. Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.
Динара САЛИМЖАНОВА,
«Мектен жасына дейінгі шағын орталығы бар
№36 жалпы білім беретін орта мектеп» МКМ
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Алматы облысы, Талғар ауданы.