Полицейге қол көтерген жүргізуші сотталды

20180127012420.jpg


Қазақстан облысы, Сарығаш ауданында полицейді тепкілеп тастаған  жүргізуші сотталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Сарыағаш аудандық №2 сотының судьясы Самал Жолмұратқызының айтуынша, қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған азамат бас бостандығын уақытша шектеу жазасына кесілді.

Сот отырысында анықталғандай, жүргізушіні жол патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Оның ереже бұзғанын түсіндіріп,  хаттама толтырыпты. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне наразы болып, құқық қорғау қызметкерін тепкілеп тастаған. Тергеу барысында кінәлі жүргізушінің бұл қылмысы толығымен дәлелденді. Сот қызметтік көлікті тізгіндеп жүріп, заңбұзушылық әрекетке барған айыпталушыны Қылмыстық кодекстің  380 бабы 1 бөлігімен («Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық») кінәлі деп тапты.  Оны 1жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеп, пробациялық бақылауда болу туралы үкім шығарды. 


Ұқсас тақырыптар