Елімізде коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды

85.jpg

Кеше қауіпті індеттен елімізде тағы төрт адам бақилық болды.

• Қарағанды облысында ‒ 1958 жылғы ер адам,

• Павлодар облысында ‒ 1957 жылғы туған әйел адам,

• Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1944 жылғы әйел адам,

• Шымкент қаласында - 1950 жылғы әйел адам.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 52 адам қайтыс болды.



Ұқсас тақырыптар