Көпқабатты үйден пәтер сатып алатын қазақстандықтар саны өсті

3.jpg


2018 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 50 895 құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«2018 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 16 764 құрап, өткен аймен салыстырғанда 5,6 пайызға кеміді. 2018 жылғы қаңтар-наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға артты», - делінген ведомство мәліметінде.

Республика бойынша сатып алу-сату мәмілелерінде жеке тұрғын үйлері саны 4825, ал көпқабатты үйлердегі пәтерлері саны 12236 құрайды.  Мәмілелердің басым бөлігі Астана (2674), Алматы (2168) және Қарағанды (1830) қалаларында тіркелген. Бұл қалаларда негізінен көпқабатты үйлердегі пәтерлерді сатып алу-сату мәмілелері жасалған. Жеке үйлерді сатып алу-сату мәмілелері  Оңтүстік Қазақстан (715), Алматы (676) және Шығыс Қазақстан (445) облыстарында орын алған. Жалпы ағымдағы жылдың 1-тоқсанында еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында тұрғын үй нарығында өсім бар. Ал Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері Алматы (-12,1 %) мен Астана (-2,4) қалаларында және Павлодар (-4,8) облысында төмендегіндігі байқалады.


Ұқсас тақырыптар