2017 жылы 206 тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 257,1 млрд. теңгеге өнім өндірді

фото брифинга1.jpg


Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Абдіжаббарова айтты, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Басшының орынбасарының айтуынша, АӨК дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу Алматы қаласының басымдығы болып табылады, өйткені тамақ өнеркәсібі қаланың жалпы өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 206 тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 257,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларында 

76,6 млрд.теңге өндірілді, оның ішінде азық-түлік өнімдері 63,2 млрд. теңге және сусындар 13,4 млрд.теңге.

Тамақ өнеркәсібін өндірудің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы 2015 жылдан бастап ұлғайды:

- Белсенді тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының саны 201-ден 

206 бірлікке дейін;

- Орташа айлық жалақы азық-түлік өнімдері өндірісінде 25% (111 мың теңгеден 139 мың теңгеге дейін) және сусындар өндірісінде 28% (155 мың теңгеден 198 мың теңгеге дейін);

- Тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі 45%-ға (177,5 млрд. теңгеден 

257,1 млрд. теңгеге дейін), оның ішінде азық-түлік өнімдері 42%-ға 

(147,2 млрд. теңгеден 208,5 млрд. теңгеге дейін) және сусындар 60%-ға (30,3 млрд. теңгеден 48,6 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

ЖӨӨ-де тамақ өнеркәсібінің үлесі 0,3% (1,4%-дан 1,7%-ға дейін).

Азық-түлік өнімдерін өндірудің негізгі капиталына инвестициялар 10% (4,2 млрд. теңгеден 4,6 млрд. теңгеге дейін).

2016 жылдан бастап «Агробизнес 2017» АӨК субъектілерін қолдау бойынша  бағдарламасын іске асыру және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басталды. Тек соңғы 3 жылда осы бағдарламалар аясында 24 кәсіпорын 11,5 млрд.теңгеге субсидияланды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін арттыруға, өндірілетін өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің теңдесі жоқ шарасы,-деп баяндады ол.



Ұқсас тақырыптар