Үйлерін шетелдіктерге жалға беретін алматылықтарға салық төлеу үшін бір апта берілді

6.jpg

Алматыда элиталық үйлері бар меншік иелеріне салық төлеу үшін бір апта уақыт берілді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Медеу ауданы бойынша МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарланғандай, «Еурополис» элиталық тұрғын үй кешенінде меншік иелері заңсыз жалға беріп отырған 11 пәтер анықталды. Жалға алатындардың басым бөлігі шетел азаматтары.

Салықшылардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтердің жалға алу ақысы 250-550 мың теңге, үш бөлмелі пәтер 400-800 мың теңге аралығында, төрт бөлмелі пәтер – 550 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, ал бес бөлмелі пәтер 1 миллион 300 мың теңгені құрап отыр.

«Бұл пәтерлердің иелері олардың табыстылығына қарамастан жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және салық төлемей отыр. Бүгінде меншік иелеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп аталған мәселенің шешімін табу үшін бір апта уақыт берілді. Олай болмаған жағдайда салық пен міндетті төлемдер айыппұл санкциясымен бірге өндірілетін болады», - деп ескертті ведомсвтодан.

Қосыпша атап өткендей, салық салынатын табысты жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілікте қарастырылған.

«Жалпы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін ХҚКО-ға жеке куәлікпен барған жеткілікті. Тіркеу тегін жүргізіледі. Салық көлемі пәтерді немесе жеке тұрғын үйді жалға беру арқылы тапқан табыстың 1 пайызын құрайды», - деп түсіндірілген ведомсвтоның хабарламасында.

Айта кетейік, салық төлемейтіндердің басым бөлігі пәтер мен тұрғын үйлерді жалға беру жарнамаларына мониторинг жүргізу арқылы анықталуда.


Ұқсас тақырыптар