Көп жылаған баланың денсаулығы мықты болады

6.jpg


Баланы зар еңіретіп жылату Жапонияда төрт ғасырға созылған дәстүр. 

Токиода жыл сайын «Наки Сумо» фестивалі өткізіледі. Оның мақсаты - кішкентай балалардың жылаған дауысын естірту.

Жапонияда ғасырлар бойы мынадай дәстүр бар екен: бала жылағанда ол жын-шайтан, бәле-жалададан аулақ болады, яғни жамандықтан аластайды. Бұл елде кішкентай кезінде көп жылаған баланың денсаулығы мықты және өмірі сәтті болады деген наным-сенім бар.


7.jpg


Іс-шара Сэнсо-дзи ғибадатханасының жанында өткізіледі. Сумо күресімен айналысатындар бір жасқа толмаған сәбиді қолына алып, түрлі әрекеттер жасайды. Қатты шошынған бала шыр-шыр етіп жылайды. Бірден баж етіп, дауысын қатты шығарып шыңғырып жылаған бала жеңімпаз атанады. Мұндай байқауға қатысу үшін сәбидің ата-анасы қомақты сома - 10 мың иен төлейді екен.  Айта кету керек, байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны өте көп. Естімеген елде көп...

Дереккөз: ktk.kz



Ұқсас тақырыптар